Діни сананың қалыптасуындағы киелілік феномені: діни-феноменологиялық дискурс
DOI:
https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r4Кілт сөздер:
дін феноменологиясы, киелілік, қасиеттілік, сакралды, діни сана, діни сенімАңдатпа
Мақалада діни сананың қалыптасуындағы ерекше мәні бар киелілік феномені қарастырылады. Зерттеу жұмысы киелілік ұғымын тарихи-әлеуметтік, салыстырмалы-герменевтикалық, діни-феноменологиялық тәсілдер арқылы талдайды. Талдау нәтижесінде киелілік ұғымының теориялық-әдістемелік негіздері ұсынылады. Осы тұста, оның дінтанудағы, теологиядағы, жалпы діндегі ғылыми және тәжірибелік мәніне сипаттама беріледі. Сондай-ақ, киелілік онтологиялық тұрғыдa күнделікті болмыстaн aжырaтылaтын шынaйылықтың жоғaрғы деңгейі, гносеологиялық тұрғыдaн aқыл жетпейтін aқиқaт білім, феноменологиялық тұрғыдa тaңқaлдырaтын ғaжaп дүние, aксиологиялық тұрғыдa aбсолютті, имперaтивті құбылыс екендігі айқындалады. Келесі кезекте, киелілік феноменінің діни санадағы рөліне мән беріледі. Себебі, діннің рухани өмір саласы ретіндегі мазмұны мен ерекшелігін діни сана белгілейді, дәл осы сана діннің әлемнің практикалық-рухани дамуының басқа әдістерінен салыстырмалы түрде ажырата алады. Діни сананың бірқатар ерекшеліктері бар: сезіну арқылы туындаған көрнекілік, қиял арқылы жасалған бейнелер, символизм, күшті эмоционалдық байлық секілді. Осындай ерекшеліктерді киелілік құбылысы арқылы сипаттауға да болады. Оған қоса, діни сананың қалыптасуындағы маңызды мәнін құрайтын киелілік ұғымы құпиялық пен шынайы сезінумен байланысты туындайды. Жүргізілген зерттеудің құндылығы ретінде дін феноменологиясы киелілік ұғымын ғылыми объективтілік тұрғыда қарастырып, киеліліктің жалпы дінде, культте, діни түсінік пен діни санада кездесетін негізгі формаларын анықтайтындығын көрсетуге болады.
Түйін сөздер: дін феноменологиясы, киелілік, қасиеттілік, сакралды, діни сана, діни сенім.








