Исламизм, негізгі даму кезеңдері: дінтанулық дискурс

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v33.i1.r1

Аңдатпа

Мақала саяси ислам дискурсының әртүрлі аспектілерін қарастыруға арналған. Мәселені мазмұны жағынан талдау негізінде халықаралық саяси ислам дискурсының сабақтастығы көрсетілген. Зерттеу барысында алынған тұжырымдар ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында саяси исламның күрт жандануына байланысты. Күрделі және әртараптандырылған исламизм мен исламистер сабақтастықты сақтай отырып, уақыт өте келе айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Ол исламизм дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасау арқылы айқындалды. Қазіргі исламизм - исламның жас саяси идеологиясы. Ал соңғы онжылдықтарда исламизмнің дамуы исламның жандануымен немесе мұсылман елдерінің ерекше модернизациясымен тығыз байланысты. Қысқаша айтқанда, исламизм көбінесе «саясаттандырылған ислам» немесе «саяси ислам» ретінде анықталады. Зерттеушілер ислам мен исламизмнің, яғни дін мен оның негізінде құрылған саяси идеологияның арасында тең белгі қоюға болмайтынына ерекше көңіл бөліп пайымдайды. Исламизм туралы қалыптасқан мұндай түсінік оның толық мағынасын көрсете алмайды, өйткені исламизм тек саяси ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік идеология және өмір салты болып табылады. Сонымен қатар, мақалада авторлар исламизмнің негізгі даму кезеңдеріне де жеткілікті түрде назар аударып, талдайды.

Түйін сөздер: исламизм, саяси ислам, дискурс, қоғам, мемлекет, сабақтастық, исламисттер.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies