Дәстүрлі діндердегі рәміздік көріністердің сабақтастығы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r2

Кілт сөздер:

дәстүрлі діндер, діни сенім, діни рәміз, діни рәсімдер, діни тәжірибе

Аңдатпа

Мақалада әлемдік діндердің дәстүрге айналған басты рәміздерінің діни-философиялық мәні мен мазмұнының даму эволюциясы теориялық тұрғыда талданады. Осы талдау арқылы дәстүрлі діндердің идеялық және тәжірибелік ерекшеліктерін және олардағы рәміздік көріністердің сабақтастығы мен үндестігін анықтау мақсаты қойылды. Діни рәміз діннің барлық идеяларын, мазмұнын, практикалық сипатын түсіндіріп жеткізудің ерекше формасы. Ол бір мезгілде нақты нысанды білдірумен қатар, құпия, астарлы мән-мағынаға да ие болуы мүмкін. Сондықтан діндер тарихын, діни сенім мен діни тәжірибені зерттеуде олардың рәміздеріне ерекше мән берілуі керек.  Бұл мәселенің өзектілігін ескере отырып мақала авторлары салыстырмалы-тарихи әдіс арқылы әлемдік діндердің  рәміздерінің әр түрлі уақыт кезеңдеріндегі дамуын және трансформациясын   салыстырады. Дәстүрлі діндердегі рәміздік көріністердің сабақтастығы діндер идеологиясының мазмұнынан және діни рәсімдер мен жоралғыларды атқару бөлігінен нақты көрінеді. Бұл ретте, барлық дәстүрлі діндер адамзатты бейбітшілікке, өзара сүйіспеншілікке, мейірімділікке, діни төзімділікке шақырады. Аталған діндердің этикалық және эсхатологиялық категорияларын сарапттау барысында олардағы сакральды ұғымдардың, құлшылық ету мақсатында жасалатын діни рәсімдер мен жоралғылардың мән-мағыналық және мазмұндық ұқсастықтары мен сабақтастықтары анықталды.  

Түйін сөздер: Дәстүрлі діндер, діни сенім, діни рәміз, діни рәсімдер, діни тәжірибе

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-12-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies