Исламдық қаржы өнімдерінің діни негіздері: мудараба, мушарака және мурабаха

Авторлар

  • ‪R. Mukhitdinov‬‏ Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0003-3910-8222
  • N. Stambakiyev Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-6781-5066

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r8

Кілт сөздер:

исламдық қаржы, теория, өсімқорлық, исламдық қаржы өнімдер, мудараба, мурабаха, мушарака

Аңдатпа

XX ғасырда отаршылдықтан тәуелсіздігін жаңа алған мұсылман елдерінің көпшілігінде діни тағылымдарды қайта жандандыру тенденциясы көрініс тапты. Исламның өмірдің түрлі салаларын қамтыған әмбебап дін екендігі туралы жиі айтылып, ислам тағылымдарын қоғамның әлеуметтік-экономикалық саласында қолдану бастамалары көтерілді. Осындай ұлттық, діни бірегейлікті жандандыруға бағытталған ұмтылыстардың аясында қоғамдық талқыға алынған басты мәселелердің бірі елдегі өсімқорлықпен жұмыс істейтін батыстық үлгідегі банктердің қызметі болды. Мұсылман жұртшылығының өсіммен жұмыс істейтін дәстүрлі банктерге наразылығы шариғат талаптарына сәйкес балама қаржы жүйесін құру қажеттілігін тудырды. Бұл мақалада исламдық қаржы жүйесіне қатысты алғашқы теориялардың пайда болуына әсер еткен тарихи факторлар зерделеніп, теориялардың мән мазмұнына талдау жасалды. Атап айтқанда, өсімқорлықтың тыйым салыну себебі мен балама қаржы инструменті ретінде ұсынылған үлестік қатысу және борыштық қаржы өнімдеріне қатысты түрлі тұжырымдар мен пікірлерге салыстырмалы талдау жүргізілді. Қаржылық делдалдық функциясын атқаратын ислам банктеріндегі үлестік қатысу мен борыштық қаржы өнімдерінің қолданылу ерекшеліктері талқыланды. Пайыздық несие мен бөліп төлеу саудасының ара-жігі ажыратылып, олардың шариғи үкімдерінің әркелкі болуының себебі айқындалды. Ислам қаржы жүйесі уақыттың экономикалық құнын жоққа шығармайтындығы негізделіп, өсімқорлықтың харам болуының себебі қарыз беруші тараптың борышкердің жеке меншігін ешқандай материалдық қарымсыз иеленумен байланысты екендігі тұжырымдалды.

Түйін сөздер: исламдық қаржы, теория, өсімқорлық, исламдық қаржы өнімдер, мудараба, мурабаха, мушарака.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies