Қазақстанда діни төзімділік мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі

Авторлар

  • N. Balpanov Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Алматы қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-9533-3005
  • N. Tutinova Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, Қарағанды қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-3476-7328
  • R. Kemerbay Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-0404-8621
  • A. Abdiramanova Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, Қызылорда қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-8995-1619

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r7

Кілт сөздер:

толеранттылық, діни толеранттылық, көпэтникалық қоғам, ұлтаралық диалог, конфессияаралық диалог, этносаясат, Ханафи мәзһабы

Аңдатпа

Қазіргі жағдайларда діни толеранттылық мәдениеті мен қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығын сақтау мәселесін зерттеу ерекше өзекті теориялық және практикалық міндет болып табылады. Авторлар бұл мақалада конфессияаралық диалогты сақтау түріндегі исламның, сонымен қатар православие мен католицизмнің рөлін айқындау, этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынасты сақтау тәжірибесін бағалау негізінде діни толеранттылық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндігін анықтау мақсатында Қазақстандағы кейбір діни ұйымдардың қызметін талдайды. Мақала авторлары қазақстандық қоғамдағы ислам, православие және католицизм қызметін талдау негізінде діни толеранттылықты сақтаудың қалыптасқан тәжірибесін ашады. Сонымен қатар авторлар көпэтникалық қоғамдағы толеранттылық тек әлеуметте бар этномәдени, діни, конфессиялық айырмашылықтарды мойындауды ғана емес, сонымен бірге «алуан түрліліктегі бірлікті» ұғынуды да білдіреді. Сол уақытта қоғамда бар этномәдени айырмашылықтарға өзіндік мәні бар және және институционалдық мән берілмейді. Сондай-ақ, авторлар Қазақстан Республикасында бұл «алуан түрліліктегі бірлік» ортақ азаматтық бірегейлікпен қамтамасыз етілетінін атап өтті. Мақала авторлары қазақстандық қоғамдағы ислам, православие және католицизм қызметін талдау негізінде діни толеранттылықты сақтаудың қалыптасқан тәжірибесін ашады.  

Түйінді сөздер: толеранттылық, діни толеранттылық, көпэтникалық қоғам, ұлтаралық диалог, конфессияаралық диалог, этносаясат, Ханафи мәзһабы. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-06-16