Дәстүрлі ислам және оның қоғамның ұлттық бірегейлігінің интеграциялық және дезинтеграциялық үдерістерінің динамикасына әсері
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r5Кілт сөздер:
дәстүрлі ислам, ұлттық бірегейлік, қазақ қоғамы, дүниетаным, салт-дәстүрАңдатпа
Мақалада отандық ғалымдардың зерттеулерінің негізінде Қазақстан тарихындағы исламның даму тенденциясына сараптама жасалып, оның қоғамның ұлттық бірегейлігінің интеграциялық және дезинтеграциялық үрдістеріне әсер ету жолдары мен тәсілдері, даму динамикасы зерттеледі. Авторлар ислам діннің қазақ қоғамындағы мәртебесіне шынайы жағдайы мен рөліне баға бере отырып, қазіргі діни жағдайда орын алған саясиланған исламның теріс салдарының мәнін ашу мақсатын қояды. Зерттуде радикалды исламдық ұйымдардың идеологиялық негізі Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, қоғамдағы этносаралық және конфессияаралық тұрақтылыққа кері әсері талқыланып, рухани тірек ретінде дәстүрлі исламды жаңғыртудың негізгі тенденцияларына сараптама жасалады. Мақаланың әдіснамалық негізін салыстырмалы-тарихи, феноменологиялық, жүйелік әдістер құрайды. Диалектикалық принципі негізінде каузальді талдау және әлеуметтік аналитика сияқты әдістер қолданылды. Қорытындылай келе авторлар Қазақстандағы мемлекеттің зайырлылық саясатын жүзеге асыруда толеранттылық пен діни тағаттылықты орнатуда, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдауда жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алуда қоғамның рухани тірегі болу дәстүрлі исламның міндеті деп тұжырым жасайды. Мақаланың ғылыми тұжырымдары мемлекеттік бағдарламаларда, қоғамның рухани салаларын жетілдіруде мемлекеттік қызметкерлер, зерттеушілер мен оқытушылар, дінтануды зерттеу мен оқыту барысында пайдалана алады.
Түйін сөз: дәстүрлі ислам, ұлттық бірегейлік, қазақ қоғамы, дүниетаным, салт-дәстүр.








