Ислам тәжірибесінде әйел кісілердің сауаттылығы мен білім алуға ұмтылысы
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r5Кілт сөздер:
Islam, Prophet Muhammad, literacy, education, womenАңдатпа
Зайырлы мемлекет бірегейлігіне ие Қазақстан Республикасындағы халықтың басым бөлігі мұсылман дінінің өкілдері екені белгілі. Елімізде дін саласында саясат жүйелі жүргізілгенімен ислами ортада дінді қате түсіну, діни сауатсыздық не әсіре діншілдік, шала сауаттылық жағдайлары кездесуде. Бұндай діни сауатсыздықтың алды алынбаған жағдайда, ол халықтың дәстүрлі дінге деген сеніміне селкеу түсіріп, ел ішінде діни мәселелер шиеленісіп, мемлекет үшін дін күрделі проблемаға айналары белгілі. Осы орайда, ислами ортадағы проблеманың бірі әйел кісінің сауаттылығы мен білім алуы мәселесі. Жалпыға ортақ зайырлы білім беру жүйесі ұл мен қыз деп ажыратпайды, дегенмен діни орталарда қыз баланы мектепке жібермеу, оның білім алуын маңызды деп есептемеу келеңсіздіктері кездеседі. Бұл қате түсінік дер кезінде түзетуді қажет етеді. Осы орайда, мақалада ислам дініндегі әйел кісілердің орны, нақтырақ айтқанда, исламның алғашқы дәуіріндегі сауат ашу мен ілім үйрену тұрғысынан нәзік жандылардың құқықтары талданады. Исламдық дереккөздер болып табылатын Құран мен хадистерде ер кісілермен қатар әйел кісілер де аталған. Ислам ілім алуды ер не әйел деп бөлместен жалпыға ортақ міндеттеген. Мұхаммед пайғамбар әйел кісілерге де арнайы көңіл бөліп, олардың сауат ашуын тіке өзі қадағалаған. Пайғамбар заманында әркез әйел кісілердің де өздерін толғандырған сауалдары туындап отырды. Осы сауалдарына жауап ала отырып, олар діни сауат ашып қана қоймай, білгендерін басқаларға жеткізуде белсенділік таныта білді. Әйел кісілердің қандай жолдармен сауат ашып, ілім үйреніп, қалыптасқаны арнайы түрде осы мақалаға өзек болуда. Тіпті ғалымдық деңгейге жеткен әйел сахабалар мен олардың ислам іліміне қосқан үлесі де мақала мазмұнында қамтылады.
Түйін сөздер: ислам, Мұхаммед пайғамбар, сауат ашу, ілім үйрену, әйелдер








