Әйелдердің радикалдануы: қазақстандық кейс
DOI:
10.26577//EJRS46220268Аңдатпа
Бұл зерттеу Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыс аймағында болған қазақстандық әйелдердің радикалдану үдерісін түсіндіруге бағытталған. Бұрын академиялық ортада басты назар ер жауынгерлердің санасын экстремизациялауға бағытталды да әйелдердің радикалдану үрдісіне арналған зерттеулер болмады, тек әйелдер санасындағы экстремизмінің жалпы көрінісі ұсынылды, бұл зерттеушілердің әйелдердің өздеріне тікелей қол жеткізуінің болмауына байланысты болды. «Ислам мемлекеті» террористік ұйымы жеңілгеннен кейін көптеген елдер өз азаматтарын, атап айтқанда әйелдер мен балаларды қайтара бастады. Бұл әйелдердің радикалдануы тақырыбына ғылыми қызығушылықтың артуына әкелді. Біздің зерттеуіміз бұл олқылықтың орнын толтыруға арналған. Бұл мақалада алдыңғы қатардағы мамандармен және оралмандармен тереңдетілген сұхбаттардың нәтижелері ұсынылған. Оралман әйелдермен тереңдетілген сұхбаттар және теологтармен, психологтармен, сондай-ақ оралған әйелдерді дерадикализациялау және қайта интеграциялаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерімен сараптамалық сұхбаттар жүргізілді. Еуропалық академиялық жұмыстар және террористік белсенділік аймақтарынан оралған әйелдердің радикалдануына арналған қазақстандық тәжірибені зерттеу негізінде радикалданудың жеке және құрылымдық себептері анықталды. Біздің зерттеуіміздің тұжырымдамалық үлесі әйелдердің радикалдануының құрылымдық себептерін анықтау болып табылады. Авторлар зерттеуде практикалық маңызы бар дерадикализация стратегиясын өзгертуді ұсынады.
Түйін сөздер: Ислам мемлекетіндегі әйелдер, Сириядан келген оралмандар, радикалдану, террористік ұйымдар, жихадшылар








