КСРО және тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстандағы этносаралық некелер: дінтанулық көзқарас

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/EJRS47320263

Аңдатпа

Этносаралық некелер көпэтносты қоғамдарда әлеуметтік интеграция мен мәдени өзара ықпалдастықтың маңызды көрсеткіші болып табылады. Осы зерттеудің мақсаты – Қазақстандағы этносаралық некелердің кеш Кеңестік және посткеңестік кезеңдердегі даму ерекшеліктерін дінтанулық тұрғыдан талдау, отбасы өміріндегі этностық және діни бірегейліктің өзара ықпалдастық ерекшелігін көрсету. Зерттеуде елдегі ең ірі екі этностық топ – қазақтар мен орыстар арасындағы некелерге ерекше көңіл бөлінеді. Зерттеу сандық статистикалық деректерді қайталама талдаумен толықтырылған сапалық зерттеу әдіснамасына негізделген. Мақала Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика бюросының ресми статистикалық деректеріне, ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сондай-ақ ислам мен православие дәстүрлеріндегі конфессияаралық некеге қатысты ұстанымдарды тарихи-салыстырмалы, салыстырмалы дінтанулық және құжаттық талдау әдістері арқылы зерделеуге негізделеді. Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы этносаралық некелердің трансформациясын тек демографиялық өзгерістермен ғана шектелмейтінін көрсетеді. Тарихи үдерістер, діни жаңғыру этностық пен діни бірегейліктің өзара ықпалдастығы отбасылық қатынастарға, неке үлгілеріне және бала тәрбиесіне елеулі ықпал етті. Сондай-ақ талдау ислам және православие дәстүрлерінің конфессияаралық некеге қатысты теологиялық ұстанымдарының әртүрлі екенін, алайда екеуі де отбасындағы діни сабақтастықтың маңыздылығына ерекше мән беретінін көрсетті. Этносаралық және конфессияаралық отбасылардың тұрақтылығы діни айырмашылықтардың өзіне қарағанда, ерлі-зайыптылардың отбасылық тәжірибелер бойынша өзара келісімге келе алуына, бір-бірінің діни бірегейлігін құрметтеуіне және балаларды тәрбиелеуде ортақ ұстаным қалыптастыруына көбірек байланысты. Зерттеу Қазақстандағы этносаралық некелерді талдауда тарихи, демографиялық және дінтанулық тәсілдерді біріктіру арқылы дінтану ғылымының дамуына үлес қосады. Зерттеу нәтижелері этносаралық және конфессияаралық отбасыларды қолдауға, сондай-ақ көпмәдениетті қоғамдарда конфессияаралық диалогты дамыту бағытында жұмыс істейтін зерттеушілерге, оқытушыларға, мемлекеттік саясатты әзірлеушілерге және діни бірлестіктер пайдалана алады.

Түйін сөздер: этносаралық неке, конфессияаралық неке, діни бірегейлік, мәдени интеграция, әлеуметтік толеранттылық

Автор өмірбаяндары

  • М. Әлімқожинова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Әлімқожинова Мадина Серікқызы (кореспондент автор) – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, e-mail: madenovamadinas@gmail.com

  • Д. Утебаева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Утебаева Динара Сахибқызы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Алматы, Қазақстан, e-mail: dinara.utebayevaz@gmail.com

  • Н. Орынбеков, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы, Қазақстан

    Орынбеков Нұрлан Аманғазыұлы – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті тарих және құқық факультетінің гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: orynbekov.nur@gmail.com

  • А. Өзкан, Анкара Университеті, Анкара, Түркия

    Өзкан Али Рафет – Анкара университетінің Теология факультетінің философия және дінтану кафедрасының профессоры, Анкара, Түркия, e-mail: ozkanarafet@gmail.com

Жарияланды

2026-09-20