Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарында дінтану білімін жетілдірудің стратегиялық бағыттары
DOI:
10.26577//EJRS46220262Аңдатпа
Бұл зерттеуде Қазақстанның зайырлы мектептері мен жоғары оқу орындарындағы дінтану білімінің бүгінгі сипаты мен болашақ бағыттары егжей-тегжейлі сараланады. Қазіргі жаһандану қыспағында рухани құндылықтар құбылып жатқан уақытта бұл саланың маңызы қоғам үшін бұрыңғыдан да арта түсті. Мақалада отандық дінтанудың түпкі мақсаттары, қалыптасқан құрылымдық жүйесі, заманауи оқыту әдістері, сондай-ақ осы бағыттың дамуына ықпал ететін әлеуметтік саяси факторлар кешенді түрде бағаланады. Сонымен қатар, дінтану пәнінің қоғамдағы діни сауаттылықты көтеру, конфессияаралық татулықты сақтау және деструктивті ағымдар мен радикализмнің алдын алудағы стратегиялық рөліне ерекше екпін берілген. Дегенмен, қазіргі жүйенің ішкі әлеуетін толық ашуға кедергі болып отырған бірнеше күрделі түйткілдер де бар. Олардың ішінде жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі, сапалы оқу-әдістемелік құралдардың аздығы мен іргелі ғылыми жобаларды мемлекеттік қаржыландыру деңгейінің төмендігі өзекті мәселе ретінде қарастырылады. Аталған кедергілер саланың академиялық деңгейін ұзақ уақыт бойы тежеп келді. Мақаланың соңында аталған қиындықтарды еңсеруге бағытталған нақты стратегиялық ұсыныстар топтамасы берілген. Авторлар оқу бағдарламаларын заман талабына сай жаңартуды, жетекші халықаралық зерттеу орталықтарымен әріптестікті нығайту мен мониторинг жүйесін оңтайландыруды ұсынады. Аталған қадамдар дінтану білімінің академиялық сапасын жаңа деңгейге көтеріп, оның мемлекеттік тұрақтылықты сақтаудағы қоғамдық маңызын арттыруға жол ашады.
Түйін сөздер: дінтану, Қазақстан, зайырлылық, діни сауаттылық, конфессияаралық диалог








