«Мұсылманшылықтың тұтқасы» және «Мұсылмандық кітабы» еңбектеріндегі иман ұғымы (теологиялық салыстырмалы талдау)

Авторлар

  • А. Әкімханов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Г. Купешова Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • Н. Анарбаев Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан
  • А. Хасан Әл-Әзһар университеті, Каир, Египет

DOI:

10.26577//EJRS46220266

Аңдатпа

Аталған мақала Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегі мен Шәкәрім Құдайбердіұлының «Мұсылмандық кітабы» еңбектеріндедгі иман ұғымына исламтанулық салыстырмалы талдауға бағытталған. Бүгінде елімізде діни экстремизим деңгейі басылғанымен, радикализм қауіпі әлі де басты назардағы мәселе. Дін – нақты, ортақ ережелерге байланғанымен, оның жеткізілуі ұлттық ерекшеліктерді ескереді. Қазақ қоғамының мұсылманшылдығында басқа ұлттарда кезікпейтін өзіндік жол бар. Бұл ерекшеліктер мақаламызға арқау болған қос еңбекте де көрініс табады. Мақаламыздың мақсаты да сол, аталған еңбектерді талдай отырып қазақ халқының дәстүрлі исламын көрсету. Осы мақсат аясында екі еңбектегі иман ұғымын мәтіндік зерттеу арқылы жан-жақты ашықтадық. Аталған еңбектердегі иман ұғымын талдау барысында Ыбырай мен Шәкәрім дүниетанымының ортақ және ерекше тұстарын анықтадық. Сондай-ақ, қос ғалымның ұстанымдарын танымал ислам ғұламаларының көзқарастарымен салыстыра талдадық. Зерттеу барысында иман ұғымының қазақ дүниетанымындағы орны өзге де зерттеушілердің пікірлерімен анықталды. Яғни, қазақы дүниетанымдағы ислам, иман ұғымының түсініктік ерекшеліктері толық баяндалды. Ыбырай мен Шәкәрімнің пікірлерін ислам әлемінде танымал классикалық ақида кітаптарының авторларымен салыстыру арқылы олардың діни білімі бағаланды. Мақаламыздағы зерттеу нәтижелері қазіргі діни білім беру бағдарламаларында, отандық теологиялық ғылымды дамытуда, ұлттық тәрбие мен рухани құндылықтарды насихаттау үдерісінде практикалық қолданыс таба алады. Мақала діни радикализм мен жат ағымдарға қарсы күресте дәстүрлі ислам құндылықтарын ғылыми тұрғыдан негіздеуге және ілгерілетуге үлес қосады.

Түйін сөздер: иман ұғымы, ислам теологиясы, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердіұлы, қазақ мұсылмандық дүниетанымы

Автор өмірбаяндары

  • А. Әкімханов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Әкімханов Аскар Болатбекұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: akimhan.ilyas@gmail.com

  • Г. Купешова, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Купешова Гүлнұр Қуанышқызы (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, PhD докторант, Алматы, Қазақстан, e-mail: gulnur.kupeshova@bk.ru

  • Н. Анарбаев, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Анарбаев Нұрлан Сайлауұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті исламтану кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: nurmen97@mail.ru

  • А. Хасан, Әл-Әзһар университеті, Каир, Египет

    Хасан Ахмед– PhD, әл-Әзһар университеті, ислам дағуаты факультетінің доценті, Каир, Египет, e-mail: AhmedOmer133@azhar.edu.eg

Жарияланды

2026-06-20