Қазақстандағы баптистік және пресвитериандық шіркеулердің ілімі мен қызметіне салыстырмалы талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS47320261Аңдатпа
Мақала Қазақстандағы протестанттық ағымдардардың өкілдері баптистік және пресвитериандық шіркеулерінің ілімдері мен діни тәжірибелеріне салыстырмалы талдау жасауға арналған. Авторлар бұл діни бағыттардың Қазақстандағы пайда болу және даму тарихына, діни ілімдерінің ерекшеліктеріне, шіркеуді басқару қызметтері мен әлеуметтік белсенділік деңгейлеріне мән береді. Діни плюрализм саясатын жүргізіп отырған қазіргі зайырлы Қазақстандағы протесттанттық конфессиялардың мемлекеттің діни құрылымында белгілі орыны бар. Олардың ішінде баптист және пресвитериан шіркеулері өздерінің теологиялық қағидаларымен, шіркеуді басқару және миссионерлік қызметтерімен ерекшеленеді. Сондықтан авторлар Қазақстандағы баптист және пресвитериан шіркеулерінің доктриналдық ұстанымдарын, ұйымдастырушылық құрылымын және діни тәжірибелерін салыстырмалы талдау жүргізуді мақсат етеді. Бұл Қазақстандағы протестантизмнің институционалдық дамуын және оның қоғаммен және мемлекетпен өзара қатынасын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Авторлар зерттеу барысында салыстырмалы тарихи әдісті, конфессиялық талдауды, жүйелік-құрылымдық әдісті және доктриналдық құжаттардың мазмұндық талдау әдістерін қолданды. Қазақстан қоғамындағы екі протестанттық дәстүрдің алғашқы рет кешенді салыстырылуы және олардың теологиялық ерекшеліктері, мемлекетпен, қоғаммен өзара әрекеттесу модельдерінің ашылуы мақаланың жаңалығы болып табылады. Зерттеу нәтижесінде екі конфессияның протестанттық дәстүрінен туындайтын ортақ ғибадаттарымен қоса шоқыну, тағдыр және шіркеу билігінің құрылымын түсінудегі елеулі айырмашылықтар анықталды. Сонымен қоса, бұл конфессиялардың қазіргі Қазақстанның діни кеңістігіне бейімделуі туралы қорытынды жасалады.
Түйін сөздер: Қазақстан, протестантизм, баптизм, пресвитериандық, діни бірлестіктер








