СОПЫЛЫҚТАҒЫ РАБЫТА ТҮСІНІГІ: ГЕНЕЗИСІ МЕН ЭВОЛЮЦИЯСЫ
DOI:
https://doi.org/10.26577/Аңдатпа
Бұл мақалада ислам сопылығындағы рабыта түсінігінің генезисі мен эволюциясы қарастырылып, жан-жақты талданады. Сопылық таным мен тариқаттардағы рухани тәрбиеде, әсіресе нақшбандия тариқатында рабыта маңызды орынға ие. Алайда ХІХ ғасырдан бастап рабытаға қатысты сындар айтылып, айыптаулар тағыла бастаған және рабытаны сынға алушылар мен қорғаушылар арасындағы дискурс әлі жалғасуда. Рабытаны сынға алушы немесе қайтарушылар, рабытаның бидғат, тіпті ширкке, куфрге, пұтқа табынуға жатанын, исламда орны жоғын, сопылықтың да алғашында болмағанын, кейін пайда болғанын айтып, ауыр айыптауларға дейін барған. Рабытаны мақұлдаушлар мен қорғаушылар, рабытаның негізі Құран мен хадисте барын, алғашқы мұсылмандардан бастап жалпы сопылықта рабыта барын, мұсылмандар арасында қолданылғанын, сол себепті рабытаның исламның негізіне қайшы емес екенін, ешқандай бидғатқа, ширкке, куфрге, пұтқа табынуға жатпайтынын алға тартып, өз дәлелдерін келтіреді. Осы тұрғыдан рабытаның исламдағы орны мен дәлелдеріне қатысты зерттелген мақаланың мазмұны, рабыта ұғымының мағынасын, анықтамасын, рабытаның түрлерін, мәнін, мақсатын, тариқаттардағы қолданысын және рабытаны сынға алушылар мен қорғаушылардың келтірген дәлелдерін қамтиды. Зерттеудің құндылығы нақты дереккөздерге сүйене отырып, пірге рабыта жасауға қатысты қазіргі кезеңдегі қате түсініктер мен теріс қолданыстарды және дауыл мәселелерді шешуге деген ұмтылысында.








