Дерадикализация және діни сауаттылық: Қазақстанның зайырлы қоғамындағы рөлі мен әлеуеті

Авторлар

  • Ұ. Қалякбар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • К. Бишманов Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан
  • Д. Ачилов Массачусетс Дартмут университеті, Массачусетс, АҚШ

DOI:

10.26577//EJRS46220263

Аңдатпа

Қазіргі жаһандану үдерісі жағдайында діни радикализм мен экстремизм мәселесі қоғамдық қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал ететін факторлардың бірі ретінде өзектілікке ие болып отыр. Қазақстандағы діни кеңістіктің соңғы жылдардағы трансформациясы радикализация құбылысын оның әлеуметтік және дүниетанымдық негіздері тұрғысынан қарастыру қажеттігін алға шығарып отыр. Радикалды идеялардың таралуы көбіне діни білімнің үстірт игерілуімен, жастардың өмірлік бағдарларындағы белгісіздікпен және цифрлық ортада таралатын діни мазмұнның бақылаусыз тұтынылуымен сабақтас келеді. Осы мәселені талдау барысында діни радикализацияға ықпал ететін факторлар мен олардың өзара байланысы қарастырылып, діни сауаттылықтың алдын алу сипатындағы мүмкіндіктеріне назар аударылды. Зерттеу материалы тарихи-салыстырмалы, әлеуметтік-философиялық және герменевтикалық талдау аясында зерделенді. Қарастырылған деректер экстремистік идеялардың таралуын бір ғана себеппен түсіндіру жеткіліксіз екенін, бұл құбылыстың әлеуметтік жағдайлармен, білім беру үдерістерімен және ақпараттық ықпалдармен астасып жататынын көрсетті. Осы тұрғыдан алғанда, дәстүрлі діни танымды ғылыми негізде түсіндіру, діни мәселелер бойынша сыни пайымдау мәдениетін қалыптастыру, теологиялық сүйемелдеу мен әлеуметтік қолдау тетіктерін дамыту радикалдану тәуекелін төмендетуге ықпал ететін бағыттар ретінде бағаланады. Қазақстанның зайырлы қоғамдық моделінде дерадикализация тек қауіпсіздік шараларының жиынтығы емес, тұлғаның дүниетанымдық орнықтылығын нығайтуға бағытталған кешенді әлеуметтік үдеріс ретінде көрініс табады. Мақалада радикалды идеологияларға қарсы тұрудағы діни білім беру, қоғамдық сана және әлеуметтік реинтеграция арасындағы өзара байланысқа ерекше назар аударылады. Зерттеудің ғылыми құндылығы дерадикализация мен діни сауаттылықты Қазақстандағы діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған өзара толықтырушы тетіктер ретінде кешенді қарастыруында. Зерттеу нәтижелері діни қауіпсіздік пен қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық бағдарламаларды жетілдіруге тәжірибелік негіз бола алады.

Түйін сөздер: дерадикализация, діни сауаттылық, діни экстремизм, қазақстандық зайырлы қоғам, діни білім беру

Автор өмірбаяндары

  • Ұ. Қалякбар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Қалякбар Ұлдана Наурзбайқызы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан, email: umka_993@mail.ru

  • К. Бишманов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

    Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы (корреспондент автор) – заң ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, email: bkm58@mail.ru

  • Д. Ачилов, Массачусетс Дартмут университеті, Массачусетс, АҚШ

    Ачилов Дилшод – PhD, Массачусетс Дартмут университетінің қауымдастырылған профессоры (саясаттану), Массачусетс, АҚШ, e-mail: dachilov@umassd.edu

Жарияланды

2026-06-20