Постсекулярлы қоғамдағы діндарлық тенденциялары және діни копингтің психологиялық әсері
DOI:
10.26577//EJRS46220261Аңдатпа
Мақала постсекулярлық қоғам жағдайында діни копингтің тұлғалық бейімделудегі рөлін кешенді теориялық талдау негізінде жүйелі түрде қарастырады. Зерттеудің мақсаты – діннің институционалдық трансформациясы мен мағыналық қайта құрылуы үдерістерін жаңа діндарлық феноменімен өзара байланыста саралап, оның психологиялық салдарын айқындау. Зерттеудің ғылыми жаңалығы діни копингті постсекулярлық қоғам жағдайында тұлғаның психологиялық бейімделуін қамтамасыз ететін мағыналық құрылым ретінде кешенді түрде қарастыруымен және оның позитивті және негативті формаларының психологиялық салдарын жүйелі түрде айқындауымен анықталады. Мақаланың әдіснамасын психологиялық және әлеуметтанулық теориялар интеграциясы, эмпирикалық әдістер, сондай-ақ теориялық және эмпирикалық деректерге жүргізілген салыстырмалы талдау әдістері құрайды. Мұндай талдаулар негізінде діни копингтің ықпалы оның мазмұндық бағытына тәуелді екенін дәлелдесе, ал негативті діни интерпретациялар психологиялық дистресс, мазасыздық және ішкі қақтығыс деңгейінің артуымен сипатталатыны дәлелденді. Жұмыстың тәжірибелік мәні діннің қазіргі қоғамда тек әлеуметтік институт емес, тұлғаның мағына жүйесін құрылымдайтын, психологиялық тұрақтылық пен бейімделуді қамтамасыз ететін динамикалық әлеуметтік-психологиялық ресурс ретінде негізделетінімен айқындалады. Қолжеткізілген зерттеу нәтижелері діни копингтің тұлғалық бейімделу механизмдерін терең түсіндіру арқылы дін философиясы мен дін психологиясы салаларының тоғысында жаңа теориялық пайымдауларды дамытуға үлес қосады.
Түйін сөздер: постсекулярлы қоғам, діни копинг, мағына жүйесі, психологиялық бейімделу, субъективті игілік








