Лисан ад-Дин Ибн әл-Хатиб Андалусиялық тарихшы ретінде
DOI:
https://doi.org/10.26577/EJRS-2016-4-99Аңдатпа
Айтулы ғалым және тарихшы Лисан ад-Дин Ибн әл-Хатиб ортағасырлық мұсылмандық Испания тарихында маңызды орын алады. Ол өз еңбектерінде ғылымның көптеген салаларын біріктірді. Осы еңбегі үшін замандастары оны ‘аллама, «ғұлама», ал испандықтар el-Poligrafo: «әмбебап ғалым» деп атады. Оған 60-қа жуық ғылыми еңбектер тиесілі. Олардың арасында мұсылмандық Испанияның тарихи жылнамаларынан құралған тарихқа қатысты шығармалар маңызды орын алады.
Ибн әл-Хатиб тарихты келесі ұрпаққа ақпарат беру, өзінің шығу тегін қарастыру, өткеннен тәжірибе алу жолымен моральдық қасиеттерді мығымдау құралы ретінде қарады. Ибн әл-Хатиб өзінің дәуірін сипаттай отырып, әсіресе тарих пен әдебиет саласындағы кітаптары арқылы әлі күнге дейін адамдарға ықпал етіп келеді.
