Монотеистік діндердегі жерлеу рәсімдері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs.2020.v22.i2.r4

Аңдатпа

Мақалада әлемдік монотоистік діндердегі жерлеу рәсімдері зерделенеді. Яғни, қайтыс болған адамды жер қойнына беруге арналған иудаизм, христиан және ислам діндеріндегі ережелерге сәйкес ерекшеліктер қарастырылады.

Осы тақырыпқа арналған ғылыми мақалалар мен зерттеулер өте сирек кездесетініне қарамастан діндегі жерлеу рәсіміне қатысты мәселел әркім қолға ала бермейтін тақырыптар қатарына жатады. Өйткені, бұл мәселенің әртүрлі діндердегі ережелері мен өзіндік ерекшеліктері бар. Мақала авторлары әлемдік монотеистік діндердегі жерлеу рәсімдерінің орындалу тәртіптері, қағидаттарының ұқсас тұстары мен айырмашылықтарын зерделеуге аса назар аударады. 

Адамның дүниеге келуі, отбасының құрылуы және қайтыс болуы әр уақытта әр адамның өмірінде маңызды орын алатын көптеген нанымдар мен рәсімдермен бірге жүрді. Адам дүниеден өтеннен кейінгі жерлеу бөлек рәсім емес. Алайда, адамның қайтыс болуы және өмірдің ақырғы өмірі туралы идеялар әрдайым діни сенімдердің маңызды орындарының бірін иеленді және көптеген діни салт-жоралармен қамтамасыз етілетіні белгілі. Осы мәселелерді ескере отырып, мақала авторлары иудаизм, христиан және ислам діндеріндегі жерлеу рәсімдерінің діни ерекшеліктеріне салыстырмалы талдау жасалды.  

Сонымен қатар, әлемдік діндердегі ережелерге сәйкес, қайтыс болған адамның денесін дайындау, табыттағы дененің жағдайы, қоштасу және жерлеу рәсімдерінің алғышарттары зерделенді. 

Қосымша файлдар

Жарияланды

2020-06-10