Қазіргі қоғамдағы неопаганизм көріністері мен дамуы
DOI:
10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r1Кілт сөздер:
Архаика, мифология, тотемизм, фетишизм, анимизм, неопаганизм, искусствоАңдатпа
Қазіргі мәдениет пен өнерде көне сенімдер мен мифологиялық ұғымдарды көптеп кездестіруге болады. Бұл мақала авторлары осы құбылыстардың мәнін ашып, олардың заманауи руханиаттағы рөлін және менталды-психологиялық ықпалын зерттеу мақсатын алға қойды. Мақалада архаикалық дүниетаным, көне паганисттік сенімдердің заманауи өнер түрлері мен жанрларында жаңғыруының себептері мен салдарларын ашып көрсету көзделген. Авторлар өнердегі неопаганизм құбылыстарын талдай отырып, қарастырылып отырған мәселенің мынадай екі қырын бөліп көрсетеді. Бірінші қыры – халықтың терең рухани бастауларымен сенім түрлерімен байланысты ежелгі дүниетанымдық ұғымдар. Бұл феномен әрбір халықтың ұжымдық есі мен этнопсихологиялық менталды ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Неопаганизмнің қазіргі қоғамда көрініс табуының екінші бір қыры – саяси және коммерциялық мақсатта адамдарды басқару үшін көне мифтер мен практикаларға сенімді пайдалану болып табылады. Зерттеу нәтижелерінен байқағанымыздай, ежелгі адамның қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаны бағындыру тәжірибесі мың жылдар бойы мифтер мен аңыздарда сақталған. Сыртқы және ішкі себептер салдарынан заманауи адамдар осы тәжірибеге бет бұра отырып, өз мәселелерін неопаганистік практикалар немесе квазидіни қозғалыстар көмегімен шешуге тырысады.








