Пост-ДАИШ кезеңіндегі сыртқы секулярлы жағдайдың салдары
DOI:
10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r5Кілт сөздер:
secularism, Post-ISIS Era, Middle East, kurds, national security, westernizationАңдатпа
ДАИШ (Дәулә Исламия Ирак уа Шам – Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті) өзінің әрекет ету аймағындағы физикалық күшінің жойылуымен бұл аймақтағы ұлттық мәселе жаңжалдан кейінгі қалыпқа келтіру тұрғысынан жедел түрде дами бастады. Пост-ДАИШ кезеңінде мұндағы мұргерлік күштер, әсіресе, жергілікті этникалық тәуелсіз күштер жергілікті діни қоғам мен діни мәдениетпен тамырлас болып қала берді. Халықтың басым көп бөлігінің басын өз мақсатына қарай жұмылдыруға тырысатын ұлтшыл күштер келісім мен ынтымақтастыққа алып келетін саяси идеялармен қанағаттандыра алуы керек, бұлай айтудың негізі аймақтағы тамыры тереңде жатқан діни дәстүрлер осы мақсатқа дәл сәйкес келетінінде жатыр. Бұл мақалада аталмыш мәселеге Батыстың да араласуы аймақтық зайырлы тәртіп пен зайырлы мұрагерлік режимді орнатуға мүдделі болғанымен, егер мұндағы ұлтшылдық діни сыртқы көріністі тек сыртқы әлемнің жоспарланған аймақтық автономиясы мен тәуелсіздігіне қол жеткізу, сыртқы әлемнің скептицизмінен тактикалық түрде аулақ болумен ғана шектесе, онда күтілген саяси мақсат жоспарлы түрде орындалмайды, содан кейін репрессияға ұшыраған ұлттық діннің болашақта кек алуына алып келуі әбден мүмкін.








