Египеттегі «Мұсылман бауырлар» кезеңіндегі саяси процестер
DOI:
10.26577/EJRS.2020.v24.i4.r6Кілт сөздер:
парламентские выборы, М. Мурси, новая Конституция Египта, контрреволюционное сопротивление, массовые отставкиАңдатпа
Мақалада 2012-2013 жылдардағы Египеттегі «Мұсылман бауырлар» билігі кезеңіне арналған. «Мұсылман бауырлар» лидерлерінің бірі болған президент Мухаммад Мурсидің билігі біршама қысқа, бірақ өте оқиғалы болды. М. Мурси өзінің саяси бағыты бойынша 2012 жылы қабылданған Конституцияда көрініс тапқан Египет қоғамы немесе елдің ұлттық мүдделерінен гөрі «Мұсылман бауырлар» ұйымының мүдделерін көбірек басшылыққа алды. Бұл жағдай Египеттегі қоғамдық-саяси және экономикалық дағдарыстың тереңдеуіне және ішкі қақтығыстардың жаңа кезеңінің дамуына әкелді. Египет қоғамындағы өсіп келе жатқан дағдарыстық құбылыстар күрделі сипатқа ие болды және М. Мурси мен «Мұсылман бауырлар» қоғамдық қолдауының едәуір бөлігінен айырылудан, мемлекеттік аппарат пен қауіпсіздік күштерінің саяси жүйені «Мұсылман бауырлар» қозғалысының, оппозицияның рухында қайта құруға қарсы тұруы болды. Зайырлы оппозиция, наразылықтардың өсуі, оның орталығы, 2011 ж. сияқты, Каирдегі Тахрир алаңы, сонымен қатар армияға деген сенім мен оның мемлекет пен қоғамдағы ерекше позициясы болды. Сонымен қатар, М. Мурси әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шеше алмады, оның орнына барлық билікті өзінің қолына шоғырландыруға тырысты. Жүргізілген талдау сыртқы саясатта М. Мурси ұлттық мүдделерді, аймақтық және жаһандық процестерді нашар түсінетіндігін көрсетті, ол Египет Араб республикасынан гөрі, мұсылман бауырластықтың көсеміне тиісті іс-әрекет жасады. Осылайша, «Мұсылман бауырлар» ұйымының бір жылдық билігі М.Мурсидің құлдырауына және елде әскери диктатураның орнауына әкелді.








