Мәдени білім мен құндылықтарды қалыптастырудағы діннің маңызы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r6

Кілт сөздер:

Сulture, Value, Identification, Factor, Cultural Research

Аңдатпа

Бұл мақалада дін мәдениеттің және қоғамның барлық салаларын қамтитын және қалыптастыратын кең ауқымды институт ретінде беріледі. Автор діннің мәдени бірегейліктің қалыптасуына, әлемдік өркениет кеңістігінде мәдениетінің дамуына шешуші әсер етуге қабілетті екенін алға тартады. Дін негізінен мәдениеттің жалғасу факторы ретінде мәдениеттің қалыптасу үдерісінде беріледі және осы тұрғыдан мәдениетте құндылыққа ие болады. Діни дәстүрлер шеңберінде тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін адамзаттық құндылықтарды қолдау мүмкіндігі зор болғанымен, діннің күрделі, көп өлшемді институционалдық құбылыстар ретінде берілуі өте маңызды. Демек, дін мен мәдениет құндылықтарының арақатынасында тәжірибелер контекстін талдау керек. Осы тұрғыдан алғанда, діни көзқарастардың тұрақтылық үшін жүйелік өзгерістер теориясын жеделдетуге қалай ықпал ете алатындығын береміз. Мақалада дін мен мәдениет құндылықтарының арақатынасы туралы білімді жетілдіруге бағытталған тұрақтылықты зерттеудің негізгі қағидалары беріледі. Нәтижелер диссоциативті континуумды қолдайды, ол тек диссоциацияны ғана емес, сонымен қатар кеңейтілген сана ұғымдарына қатысты тұтастықты да қамтиды. Мәдени зерттеулер барысында белгілі мәдениеттің нақты компоненттерін, мәдени бірегейліктің әлеуетін қамтитын тенденциялар анықталады. Мәдени бірегейлік мәселесін оның ерекшелігі тұрғысынан реттейді.

Түйін сөздер: мәдениет, құндылық, идентификация, фактор, мәдени зерттеу

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-03-19

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies