Діни радикалдану траекториясы

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v28.i4.r8

Кілт сөздер:

радикализация, неофундаментализм, джихадизм, исламизация, радикализм

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда діни радикализмнің пайда болу кезеңдері қарастырылады, сонымен қатар, елдегі террорлық әрекеттерге, қазақстандықтардың отбасыларымен Таяу Шығыстағы қарулы іс-қимыл аймақтарына кетуіне себеп болған ішкі және сыртқы факторлар да көрсетіледі. Француз зерттеушісі Оливье Руа ұсынған «детерриторизация», «декультурация» терминдері қазіргі неофундаментализмнің әмбебаптылық феноменін түсінуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мақалада радикалдану ұғымына қатысты негізгі мәселелер нақтыланады. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады, бұл жұмыста жеке адамдар мен қауымдастықтардың дүниетанымы экстремистік, әскери немесе зорлық-зомбылыққа айналуы мүмкін көп қырлы тәсілдердің қысқартылған атауы ретінде қолданылады. Екіншіден, радикалдың жалпы қабылданған бейнесі де, радикалданудың түзу жолы да жоқ. Басқаша айтқанда, радикалдану траекториясы эволюциялық және өзгермелі болып табылады деген ойдамыз. Радикалдану адамның дүниетанымынан ажыратылған процесс емес екенін байқау маңызды болып табылады. Керісінше, радикалдану жеке тұлғаның әлеуметтенуімен байланысты, жаңа дүниетанымға белсенді қатысуды білдіреді. Сонымен қатар, автор келтірген эмпирикалық зерттеулер адамдарға зорлық-зомбылық жасамайтындығын көрсетеді. Радикалды ұйымдардың идеологтары насихаттайтын құндылықтардың ізгілікті мазмұны бар: діни оқыту, дінбасыларға көмектесу, бауырластықты нығайту, мінсіз қоғамдағы өмірді идеализациялау.

Түйін сөздер: радикалдану, неофундаментализм, жихадизм, радикализмді исламдау

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-12-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies