Тәуелсіздік жылдары Қазақстандағы постсекулярлы қоғам жағдайындағы діни ахуалдың даму үрдістері

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v26.i2.r1

Аңдатпа

Қай қоғамда болса да дін  адами құндылықтардың қайнар көзі. Дін болмаса, адамзат қоғамының тарихы да, мәдениеті де болмас еді. Кеңес билігі тарағаннан кейін Қазақстанда «Ді­ни сенім және діни бірлестіктер туралы» Заң діни қызмет атқаруға, діни ілімдерді насихаттауға, діни әде­биет­терді оқу мен таратуға және құлшылық етуге еркіндік берді. Сондықтан Қазақстанның тәуелсіздігі азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканың құрылуымен ғана емес, сондай-ақ діни серпілістің орын алуымен де сипатталады. Қазақстан – көптеген ұлт өкілдері мен түрлі діни конфессиялардың шоғырланған шаңырағы. Сол себептен заман ағымындағы өзгерістермен бірге қазіргі таңда Қазақстандағы діни жағдай көп дінді, күрделі әрі үдемелі болып табылады. Қазақстанның дінаралық қатынас саласындағы мемлекеттік саясаты дінаралық сұхбатты дамытуға, толеранттылықты нығайтуға және дін саласындағы заң талаптарын орындауға бағытталған. Қазақстанда дінаралық келісім мен тұрақтылықты әрі қарай нығайту үшін барлық жағдайлар бар. Ұлтаралық және дінаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастың тұрақтылығын қолдау Қазақстанның болашақтағы дамуының негізгі бағыттарының бірі. Дәстүрлі діндер: ислам және христиандықтың қазақстандық қоғамның қалыптасуында алатын орны ерекше. Бүгінгі контексте олардың аса маңызды гуманистік бітімгерлік қарымы бар екенін және Қазақстандағы қоғам өміріне оң ықпал етіп отырғандығын атап өткен жөн. Дәстүрлі діндер арасындағы қарым-қатынастың конструктивті сұхбат жүргізу аясында дамуы қазақстандық қоғамдағы дінаралық және ұлтаралық келісімге мүмкіндік туғызады, сондай-ақ оның тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің маңызды факторы болып саналады. 

Түйін сөздер: Қазақстан, тәуелсіздік, заң, постсекулярлы қоғам, діни ахуал

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-06-19

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies