Кибержихад: ғаламтордағы терроризмнің көрінісі

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2021.v27.i3.r7

Кілт сөздер:

cyberspace, internet, cyber terrorism, information society, physiological war

Аңдатпа

Бүгінгі күнде ғаламтор желісі адамдар арасында жылдам насихатталумен, жаппай қолданылумен қатар, мәдениеттің интеграторына айналып та үлгерді, бұл дегеніміз бизнес, тұтынушы мен үкімет арасындағы байланыс құралы. Алайда, қолданушылардың саны артқан сайын, оны бастапқы мақсатында қолданудан ауытқу жағдайлары да өсе түсті. Атап айтқанда, бұл қатарда порнография, зорлық-зомбылықты жаппай насихаттайтын контентті қамтыды, сондай-ақ әр түрлі экстремистік, террористік ұйымдардың көздеген жасырын мақсаттарының әсері де болды. Әр түрлі жасырын, саяси мақсаттарға ұмтылған топтар бұл желіні өздерінің үгіт-насихат немесе байланыс құралы сипатындағы жұмыстарын жүргізуге, өз тараптастары, жақтастарымен қарым-қатынасқа түсуге, не істеп жатқандары туралы жұртшылықты хабардар етуге, тіпті интернеттің көмегімен өз істерін жүзеге асыруға қолдана бастады. Сондай-ақ, мақалада киберкеңістікте орын алып жатқан кибержихад пен кибертерроризм бойынша оларға ғылыми көзқарастар негізінде қорытындылар мен ұсыныстар берілген. Мұнда ислам терминінің дұрыс қолданылуы және араб тілінен алынған «жиһад» сөзінің мәнін айқындау үшін кейбір ойлар мен қысқаша мәліметтер берілген. Зерттеуді жүргізу, көзделген мақсатқа, нәтижеге жету барысында салыстыру мен герменетикалық талдау әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: киберкеңістік, интернет, кибертерроризм, ақпараттық қоғам, физиологиялық соғыс

Қосымша файлдар

Жарияланды

2021-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Foreign publications