Нажмуддин ән-Нәсәфи және оның имамдық мәселесіндегі концепциясы
DOI:
10.26577//EJRS.2022.v29.i1.r2Кілт сөздер:
Najmuddin an-Nasafi, Imam, Caliphate, Imamship, Madhhab ImamiaАңдатпа
Мақалада белгілі тәпсір ғалымы, тарихшы, әрі көптеген биографиялық, тарихи танымал еңбектердің авторы, Әбу Хафс Омар ибн Мухаммед ибн Ахмад ибн Лұқман ән-Нәсәфидің өмірі мен еңбектері aрқaу болғaн. Нажмуддин ән-Нәсәфиге қатысты шағын биографиялық мәліметтер, оның жүріс-тұрысы, ұстаздары мен шәкірттері турасында айтылған сенімді деректер жинақталып қарастырылады. Әрі оның тәпсір, кәләм, фиқһ және хадис саласы бойынша жазылған бірқатар елеулі еңбектерінің аты мен мазмұны және арасындағы негізгі тақырыптары тарихи және биографиялық еңбектерге жүгіну арқылы қысқаша талданып назарға алынады. Ғұлaмaның ханафиттік доктрина негізінде жазылған төрт беттен тұратын шағын трактат Матуриди ілімінің Орта Азиядан басқа да мұсылман елдерінде кеңінен танылуына үлесін қосқан aтaқты «әл-Ақайд ән-Нәсәфия» aтты еңбегі назарға алынып, имамдыққа қатысты мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, мақалада мұсылмандарда ережелері мен заңдарын жүзеге асыру үшін қандай да бір имамы (жетекші) болуы керектігі және имам лауазымына қойылатын шарттар қарастырылады. Имам заңдарды орындауда, қылмыстық жазаларды жүзеге асыруда, жауларға қарсы тұруда және мұсылман мемлекетінің аумағында тұратын азаматтардың құқықтарын қорғауда жеткілікті білімге, қабілетке, батылдыққа ие болуы керектігі баяндалады.
Түйін сөздер: Нажмуддин ән-Нәсәфи, имам, халифат, имамдық, Bмамия мәзһабы.








