Діни экстремизм мен лаңкестіктің қазақстандық қоғамда пайда болуының мүмкіндіктері мен тенденциялары
DOI:
10.26577/EJRS.2022.v30.i2.r6Кілт сөздер:
religion, extremism, terrorism, Islamic Civilization, fundamentalismАңдатпа
Діни экстремизм, негізінен, елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының нашарлауымен, халықтың тұрмыс жағдайы құлдыраумен, адамдардың үкіметке және оның жүргізіп отырған саясатына риза болмаған жағдайларында, сонымен қатар адамдардың тіршілігіне әсер ететін моральдық-психологиялық факторлар орын алған жағдайда көрініс береді. Діни білім беру жүйесі мен экстремизмге қарсы күрес әдістемесінде этникалық салт-дәстүрмен үйлесімді болу маңызды рөл атқарады. Діни терроризм мен экстремизмнің алдын алу бағдарламасында ұлттық мәдениеттегі салт-дәстүр мен діни сенімдердің ара қатынасын айқындау мемлекет пен дін, зайырлы қоғам арасындағы қарым-қатынастарды үйлесімді дамытып, әлеуметтік тұрақтылық пен ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету маңызды болып табылады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алу жылдарының басында мемлекетті нығайту үшін негізгі күш жігердің барлығы экономикалық әлеуетті арттыруға жұмсалды. Мемлекет халыққа дін мәселесі туралы нақты бағыт бағдар бермегендіктен қазақ халқы дін туралы мәліметтер мен діни уағыздарды әр түрлі діни ағымдар өкілдерінен сусындай бастады. Әсіре діншілдер елімізге сырттан келіп, әбден аяқтарына нық басып орнығып алғаннан кейін, дінде ұлтқа бөлінушіліктің болмайтынын насихаттап, елімізден діни космополиттік ортаны қалыптастырып жатқандығы аздай, енді құзырлы орындардың өзіне қарсы шауып жатқандығы Алматыдағы «қасіретті қаңтарда» белгілі болды.
Түйін сөз: дін, экстремизм, лаңкестік, ислам өркениеті, фундаментализм








