Шаманизм және метафизика

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r10

Кілт сөздер:

Shamanism, Ecstasy, Inspiration, Consciousness, Soul

Аңдатпа

Бұл мақалада мен шаман онтологиясының өміршеңдігін зерттеймін. Неміс философы Людвиг Клагестің (1872-1956) призмасы арқылы мен шаманизмнің философиялық құндылықтарын ұсынуды қарастырамын. Клагес сананың өзгерген күйлерін байыпты қабылдаған дәстүрді ұсынған соңғы еуропалық философтардың бірі болды. Клагес болса қиратушы деп сипатталған "рухқа" (=ақыл, ерік) нәр, тірлік сыйлаушы сипатындағы "жанды" (=өмір) қарсы қоя отырып қарастырған. Оның ойлау жолын "психофилософия" деп атауға да болады, өйткені ол психология мен космологияны үйлестіре зерделеген. Клагестің зияткерлік мұрасы - неміс романтизмінің мұрасы-ХХ және ХХІ ғасырлардағы көтерілген басым философиялық және ғылыми ойларда толығымен түбегейлі ескерілмеді (жоққа шығарылмады). Бұл мақалада Мен Клагестің философиясы сананың терең күйлерін ғана емес, сонымен бірге "түпнұсқа бейнелердің" үйлесімділігін де түсіндіретінін көрсетуге тырысамын. Бұл мәселені қарастыру философиялық ойлау мен бақсылық (шамандық) сана арасындағы алшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Мен сондай-ақ шамандық сананың "патологияға" деген болжамды бейімділігіне де қысқаша тоқталамын. Өкінішке орай, Клагестің жұмысы осы күнге дейін іс жүзінде аударылған жоқ. Сондықтан зерттеу жұмысымда мен дәлел ретінде ең маңызды делінген үзінділерді аудардым.

Түйін сөздер: шаманизм, экстаз, шабыт, сана, жан

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Foreign publications