Шиһабуддин әл-Алуси және оның «Рух әл-Мағани» атты еңбегіндегі сопылық аспектілер

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v31.i3.r1

Кілт сөздер:

al-Alusi, Mufti, Writer, Sufism, Islam

Аңдатпа

 Мақалада Шиһабуддин әл-Алусидің өмірі мен ғылым жолына, шығармашылығы жайлы сөз қозғалады. Атап айтар болсақ, Шиһабуддин әл-Алусидің өмірі, ғылым жолы, ұстаздары мен шәкірттері, отбасы, жазған еңбектері, баяндалады. Бұлардан бөлек Шиһабуддин әл-Алусидің өмір сүрген елдегі діни-саяси және әлеуметтік жағдай да қарастырылады. Сонымен қатар аталған мақаланың негізгі бөлімінде Шиһабуддин әл-Алусидің әртүрлі мазһабтардағы ихтиләфи мәселелермен таныс мужтаһид ғалымы екенін сондай-ақ шафиғи мазһабын устанушысы екенін, алайда көп жағдайда Әбу Ханифаның жолымен жүргенін көре аламыз. Ғұмырының соңына қарай ижтихадқа бет бұрған, бала кезінен-ақ Алланың сырлы кітабының құпиясын зерттеуге қызығушылығы ерекше болғанын, он үш жасынан білімге ерекше құштар өте зеректілігін көреміз. Ол бес жасынан құран және арабша кітаптардың кейбір тарауларын жаттап  атақты ғұламалардан тәлім алып, өз кезегінде муфтилік қызметіне дейін көтеріліп сол салада ерекше қызметтер атқарғаны зерттеледі. Сондай-ақ жазылуына 15 жыл уақыт алған 30 томнан тұратын «Рух әл-Мағани» тәпсірі жайлы сөз қозғалмақ. Бұл құнды еңбегі 30 томнан тұрады. Шиһабуддин әл-Алуси «Рух әл-Мағани» тәпсірін отыз төрт жасында  жаза бастағаны. Сондай-ақ оның өз қызметінен босатылғаннан кейін аталмыш кітапты толық жазуға кіріскенін, дегенмен сол уақытқа дейін кітаптың біршама томы жарық көргендігі айтылады. Шиһабуддин әл-Алуси өзінен бұрынғы тәпсіршілердің түсіндірмелерін келтіргенде жай ғана жеткізуші емес, оған қоса әділ қазы, сыншы, зерттеуші көзімен қарай отырып жеткізген. Ол аяттарды түсу себептеріне сәйкес ұғыну үшін уахи себептерін айта отырып, аяттар мен сүрелер арасындағы оқиғаларды атап өтуге ерекше мән берген.

Түйін сөздер: әл-Алус, мүфти, жазушы, сопылық, ислам.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-09-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies