Дін және дискурс концептілерінің билік пен бағдарлауға ықпалын сыни тұрғыда талдау

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2022.v32.i4.r8

Кілт сөздер:

Religion, Power, Discourse Analysis, Coordination, Religious Discourse

Аңдатпа

Мақалада дінді дискурсивті тұрғыда зерттеудегі парадигмалардың бірі ретінде сыни дискурс талдауы сарапталады. Сыни дискурс талдауы дінге қатысты дискурсивті және сыни көзқарастарды бірлестікте талдай отырып, заманауи ғылымдағы негізгі тенденциялар қатарынан орын ала алмай келе жатқан бұл бағыттардың ерекшеліктері мен басым тұстарын көрсете алады. Дискурc талдамасы жайлы мәселе логика, семиотика, тіл философиясы, қарым-қатынас сараптамасы, келісімге келу, этикалық, моралдық құндылықтар легитимациясы аясында қозғалып, талқыланады. Мақалада сыни дискурс талдауы мен дінді дискурсивті тұрғыда зерттеу арқылы дискурстың дінді ұғым ретінде түсіне алудағы және күнделікті әлеуметтік қарым-қатынастағы діннің рөлін түсінудегі маңызы көрсетіліп, сипатталады. Сонымен қатар дискурсивті құрылымдарды талдауға арналған бағдарлар ұсынылып, дін саласындағы қайта жандану мен өзгеру үдерістері сараланады. Дискурс ұғымы жекелей қарастырылып, оның түрлі мағыналары көрсетіледі. Сыни тұрғыда талдау үдерісінің дискурсивті зерттеу мәнмәтінінде қалай жүзеге асатындығы сарапталып, тәжірибелік сыни дискурс талдауын жүзеге асырудың негізгі бағыттары талданады. Дискурстың пайда болуының тілдік емес жағдаяттары аясында (экономикалық, саяси, т.б.) дискурсивті оқиғаны талдау мәселесі бой көрсетеді. Дискурсивті талдама жасаудың іргетасы қаланған кезден бастап дискурстың мағынасы жазба не ауызекі пікір білдірумен ғана шектелмей, тілдік емес семиотикалық үдерістерді де қамтитыны анықталды. Әрбір дискурсивті сала үшін эпистемиялық болмыстар аксиологиялық құндылығы тұрғысынан да, субъективті реттелуі тұрғысынан да ерекшеленетіндігі көрсетілді.

Түйін сөздер: дін, билік, дискурс талдау, бағдарлау, діни дискурс.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2022-12-14

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies