Қазақстанның болашақ қалаларындағы плюрализм – ізгі қоғам идеясының проекциясы ретінде

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v33.i1.r2

Аңдатпа

Қоғамдық орындар – қала тұрғындарының сапалы өмір сүруіне оң әсер ететін қаланың маңызды элементтерінің бірі. Ізгі қала әрқашан жақсылық, жаңашылдықты қабылдаушы, инклюзивті және мәнді болып келеді. Олар қоғамдастық сезімін, азаматтық бірегейлікті, мәдениетті және қауымдастықты жандандыруға көмектесетін табысты әрі қайырымды қаланың маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. Сонымен қатар, бұл оқшауланған әр түрлі жергілікті қауымдастық тобын біріктіруде катализатор ретінде әрекет ететін орын, ал ол ізгілік идеясы негізінде адамдарды жинаудың негізгі орны ретінде әрекет еткенде әлемдік қауымдастықпен өзара әрекеттесу алаңы бола алады. Плюрализмді ынталандырудың маңызды құралына айналу тұрғысынан қалаларды жоспарлау саласында жүргізілген зерттеулердің жетіспеушілігі себебінен қоғам ішіндегі шиеленістер мен жіктелулер тек саяси, діни немесе әлеуметтік негізге деп ескерілумен шектеліп жатады. Осылайша, бұл бостандық, теңдік немесе әділеттілік сияқты қоғамдық игіліктерге нұқсан келтіруі мүмкін, бұл елдің дамуының баяулауына әкеледі. Халыққа бағдарланған қала құрылуының шынайы мәнін, әсіресе, қалаларды жобалау саласында жаңғыртудың қажеттілігі зор. Инклюзивті қалалық басқару және әлеуметтік жоспарлау стратегияларына баса назар аудара отырып, қоғамдық орындарды жобалау, қалаларды бөлу, оқшаулау, әлеуметтік иерархиялар және теңсіздіктер туралы тереңірек бейнелейтін қалаларды жоспарлау зерттеулерінде бұл жұмыс елімізде болашақ қалаларды жоспарлауда плюрализмді енгізу қажеттілігін негіздейді. Күтілетін нәтижелер адамдарды ізгі қоғам идеясы негізіндегі байланыстырудың және болашақ қалалар үшін бейбітшілік пен плюрализмді қалыптастырудың маңызды құралы болады.

Түйінсөздер: болашақ қалалар, қайырымды қала, мінсіз қоғам, қоғамдық орындар, Қазақстан және плюрализм

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-03-15

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies