Киелі жерлерге бару және мерекеге арналған ғұрыптар – Анадолы сығандарының рәсімдері

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r9

Аңдатпа

Қоғамдық орындарға бару мен мерекелік рәсімдер көптеген жылдар бойы адамзат тарихындағы барлық қоғамдарда орын алып отырды. Бұл бір жағынан мифологияға да қатысты деп саналатын «қасиетті уақыт пен жер» ұғымымен тікелей байланысты тәжірибелік амалдар. Түркияны мекен еткен сығандар негізінен отырықшы өмір салтына көшкен. Дегенмен де, көшпелі өмір салтын ішінара немесе толығымен ұстанатындар қатары әлі де кездеседі. Отырықшы өмір салтын ұстанатын сығандар зират, қабірстандарға және осы аймақтағы басқа да жерлерге зиярат ету мақсатында жиі барып тұрады. Бұл олардың исламның сүнниттік бағытын ұстанатындығымен де байланысты. Олардың тек сығандар ғана барып тұратын жерлері де бар. Артвиннің Юсуфели қаласында жергілікті сығандар өздерінің мерекелері кезінде міндетті түрде "Хафиз Пашаның қабіріне" барады. Қасымпашадағы «Куро Баба мазары», Ыстамбұлдағы «Әкем Этхемнің мазары», Сұлукулдағында, Чинардибидегі «Токлу Деде», Күчүкмұстафапашадағы «Чибали хазіреттері» және Тоқмақтепедегі «Кандилли қожа» зиярат етілетін жерлердің нақты үлгілері. Стамбұлдағы сығандардың бұл жерлерге деген қызығушылығы бұрынғыдай бүгінгі күнде де сақталған. Мақалада 1996-2000 жылдар аралығындағы өз зерттеулер мен тәжірибелеріме негізделген нәтижелер ұсынылды.

Түйін сөздер: мерекелер, зиярат, сығандар, киелі жер, киелі уақыт

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-06-16

Журналдың саны

Бөлім

Foreign publications