Сталиндік-большевиктік қуғын-сүргін жылдарындағы Қазақстандағы ғұламалар: Әлиасқар Айтхожаұлының мысалында
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r2Кілт сөздер:
ислам, улем, советское государство, репрессивная политика, реабилитацияАңдатпа
Мақала Қазақстандағы Кеңес өкіметінің мұсылман лидерлеріне қарсы, тіптен олардың едәуір бөлігінің тағдырдың қиюына дейін әкеліп соқтырған және ислам білім мен ағарту ісін, сондай-ақ діни қауымдардың қызметтерін тоқтатқан қуғын-сүргін кезеніңдегі қазақ ғұламаларының бірін талдауға арналған. Бұл мақаланың мақсаты ғұламаларға қарсы жүргізілген қуғын-сүргіндерді С. Ғылманидің «Заманамызда болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» библиографиялық сөздігіне есімі енген көкшетаулық ғұлама Әлиасқар Айтхожаұлының тағдыры мысалында көрсету. Мақалада әдістемелік негіз ретінде 1920-1930 жылдардағы Кеңес үкіметінің қуғын-сүргін саясатын халық өмірі мен микрооқиғалар призмасы арқылы зерттеуге және тиісінше сол кезеңдегі репрессиялық машинаның қысымына тікелей куә болған жергілікті дін қайраткерлерінің өміріне үңіле отырып аңғару мүмкіндігін беретін микротарихи көзқарас пен өмірбаяндық әдіс қолданылады. Оқиғаларды тұтас қысқартылмаған күйінде көрсете білу мақсатында, мақалада әртүрлі акторлардың, атап айтқанда, ислам дінін және исламдық білім беруді дамыту бойынша түрлі жобаларды ұсынған діни қызметкерлердің, Қазақстанның көптеген облыстарындағы діни басқармалар бағынатын Ішкі Ресей және Сібір мұсылмандары орталық діни басқармасының (ОМДБ), сонымен қатар, Кеңес үкіметі және оның репрессиялық Біріккен мемлекеттік саяси басқарма/Ішкі істер халық комиссариаты (БМСБ/ІІХК) органдарының қызметі көрсетіледі. Зерттеудің деректік негізі ретінде С. Ғылманидың ғұламалар өмірбаяндық сөздігіндегі мәліметтер мен мұрағат материалдар пайдаланады. Қазақстан аумағындағы ғұламалардың өмірбаяндарын қалпына келтіру, олардың аты-жөні мен қызметін ғылыми айналымға енгізіп отыру, олардың толық ақтауына, сондай-ақ ислам тарихындағы «ақтаңдақтарды» және олқылықтарды жоюға, біртұтас тарихты қалпына келтіруге, тарихи процестің континуумы және оны түсінуге қосылған маңызды үлесі болып табылады.
Түйін сөздер: ислам, ғұламалар, Кеңес үкіметі, репрессиялық саясат, оңалту.








