Әл-Фарабидің діни-метофизикалық жүйесі аясындағы адам табиғаты
DOI:
10.26577//EJRS.2023.v34.i2.r4Кілт сөздер:
human nature, philosophical anthropology, Kalokagathia, body organs, vital energyАңдатпа
Әбу Насыр әл-Фараби көрнекті және аса өнімді ойшыл бола отырып, өз заманындағы ғылымның көптеген салаларында кеңінен танымал болды. Әсіресе, ол адамның табиғатын, оның шығу тегін зерттеуге қызығушылық танытты. Әл-Фараби өзінің әйгілі «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» атты еңбегінде (IV бөлім. Адам туралы, 11–12 тараулар) адамның көбеюге табиғи бейімділігімен қатар адам ағзасының мүшелерінің құрылысын жан-жақты түсіндіреді. Зерттеудің барлық салаларында жан-жақты талдау жүргізген ойшыл ретінде әл-Фараби адамның болмысын сипаттағанда адам денесінің физиологиясына көп көңіл бөледі. Ол адам мүшелерін олардың қоректік және сезімдік қабілеттерге қатынасы тұрғысынан сипаттайды. Әл-Фарабидің адам ағзасы мен мүшелердің қызметі туралы ой-пікірлері көбінесе ежелгі грек мәдениет аясында адам болмысын түсінуге негізделген. Ал біз білетіндей, салауатты өмір салтының өзіндік дәстүрлері ежелгі грек әлемінде қалыптасқан. Сонымен бірге, әл-Фараби адамның тәндік болмысын талдауда тереңірек идеологиялық траекторияны ұстанады. Дәлірек айтқанда, Аллаһ жаратқан болмыс әлемінде адамның илаһи жаратылыстың шыңы екендігін дәлелдейді. Басқа салалардағы сияқты антропологиялық физиология саласында да әл-Фараби құдайдың құдіреті идеясын іргелі ұғым ретінде ұстанады. Кейіннен оның бүкіл діни-метафизикалық жүйесі илаһи іргелі негізге құрылған.
Түйін сөздер: адам табиғаты, философиялық антропология, калокагатия, дене ағзалары, тіршілік энергиясы.








