Ақпараттық қоғамдағы деструктивті адамдық қызметі

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r6

Кілт сөздер:

destructiveness, individual, information society, freedom, religion

Аңдатпа

Ақпараттық қоғамның негізгі белгісі толықтай жатсынуы, яғни адамның өзінен өзі, басқа адамдардан және жалпы қоғамнан жаттануы болып табылады. Жаттану адамның деструктивті іс-әрекетінің қуатты қозғаушы күші бола алады. Табиғатты игерудегі айтарлықтай жетістіктерге қарамастан, адамдар өздері жасаған әлемді дұрыс басқаруды үйренбеген. Тіпті, бүгінгі таңда, аталған жасанды әлем адамның қожайынына айналды, ал адам болса, өз кезегінде бұл әлемді алдауға немесе жеңуге тырысады». Қазіргі заманғы технологиялар адамның өзін-өзі жетілдірудің бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктерін беріп, оның көптеген ғасырлар бойы ұмтылған бостандығына жеткізген сияқты болғанымен, адамның бойында толық қауіпсіздік сезімін жоғалту, жалғыздық пен алаңдаушылықтың артуына алып келді. Сонымен агрессия мен зорлық-зомбылық мәселесінің әртүрлі аспектілеріне арналған симпозиумдар, конференциялар мен ғылыми зерттеулер шынайы өмірдегі зорлық-зомбылық қандай жарқын құбылыс болса, ХХ-ХХІ ғасырлардағы ғылыми өмірдің жарқын белгісіне айналды. Соңғы кездері әртүрлі ғылымдардың адамның деструктивтілігі мен жалпы агрессия құбылысын зерттеуге қызығушылық танытуы, бір жағынан, ауқымы қоғамның өмір сүруіне қауіп төндіретін деструктивті тенденциялардың жаһандық сипатына байланысты болса, екінші жағынан, антропологиялық мәселелерге қызығушылықтың артуына әкелген білімді ізгілендірудің жалпы процесі.         Түйін сөздер: деструктивтілік, индивид, ақпараттық қоғам, еркіндік, дін.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies