Сопылық онтологиясы және Сайид Йаһия Бакуидің көзқарасындағы шындық (болмыс) ілімі мәселесі

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS.2023.v35.i3.r10

Кілт сөздер:

spirituality, Sufism, the way taking to God, faces of perfection, the eternal need of mankind

Аңдатпа

Мақалада кемелдік, адамның жан-жақты дамуы тек сенім, бай руханилық, риясыздық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар өзін Құдайға, болмысқа арнаған, белгілі бір жолы (мистикалық когнитивті жол) бар адамдардың жоғары интеллектісі тұрғысында зерттеледі. Сопылықты көзге көрінетін және жүзеге асырылатын (экзотерикалық) діннің көрінбейтін қырларының (эзотерикалық) ішкі мағыналарын түсіндіретін ағым ретінде, яғни қауымдық діндердің психологиясын қарастыру дұрыс. Адамның өмірге келуімен әрі өмір бойына адаммен бірге болатын діннің мәні туралы таным мен болмысты жаратқан Құдай туралы таным тылсымды (құпиялылықты) талап етеді. Бұл құпиялылыққа кемелдікке ұмтылған пайғамбарлар тұлғасы мысал болады. Зерттеу жұмысында автор Халватия отанынан Халватия ілімінің айналасында жиналған зерттеушілерге және солар арқылы бүкіл адамзатқа қоғамдық өмірдің барлық салаларында көрініс тапқан шынайы таухидке бүкіл әлем, бүкіл адамзат болып рухани тазалыққа жету үшін өзіндік талаптарды азайта келе ортақ пікірге келген жағдайда қол жеткізу мүмкіндігі айқындауды көздейді. Осылайша, алға қойылған мақсат – «кемел адам» бүгінгі күннен бастап мәңгі болашаққа дейін Хаққа (нағыз – Аллаға) жеткізетін ең тура жол гуманистік қоғам құру, барлық ұлттардың теңдігіне қол жеткізу арқылы жүзеге асатынын дәлелдейтінін көрсету. Осы қолжазба арқылы өзінің 550 жылдық шығармаларынан кейін өз өмірін кемелдендірген, бар ғұмырын Құдай қалағандай өмір сүруге арнаған рухани тұлғаның адамзаттың мәңгілік идеяларымен ұштасатын философиясын қайта жаңғыртып оқырмандардың жадында қалдырамыз.

Түйін сөз: сопылық, Құдайға жеткізер жол, кемелдік беті, адамзаттың мәңгілік қалауы, кемелдік.

Қосымша файлдар

Жарияланды

2023-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Foreign publications