Киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер (Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында)

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS20254119

Аңдатпа

Бұл мақалада киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдер арасындағы психо-әлеуметтік ерекшеліктер Оңтүстік Қазақстандағы киелі орындар мысалында қарастырылады. Зерттеуде киелі саналатын орындарға барудың астарындағы наным-сенімдік әрі психологиялық факторлар мен ерекшеліктерді анықтау мақсат етілді. Ғылыми зерттеудің басты бағыттары – дінтанулық және психо-әлеуметтік зерттеулер. Ал зерттеудің негізгі мақсаты, киелі жерлер мен кесенелерді зиярат жасаушы адамдардың психо-әлеуметтік ерекшеліктерін ғылыми негізде жан-жақты талдау, оның қоғамдағы орнын айшықтау. Сол себепті мақалада зиярат жасаушылардың әлеуметтік ерекшеліктері, киелі жерлерге бару жиілігі, мақсаттары, алғышарттар, әсер еткен факторлар зерттеледі. Сондай-ақ киелі жерлерге баратын адамдардың гендерлік ерекшеліктеріне мән беріліп, ерлер мен әйелдердің қайсысы киелі жерлерге жиі баратындығы, қандай мақсаттарда баратындығы, қандай жағдайда баратындығы қарастырылады. Зерттеу Оңтүстік Қазақстандағы адамдар ең көп баратын 17 киелі орында жүргізілген. Зерттеу барысында сауалнама, бақылау, сұхбат секілді ғылыми әдістер қолданылды. Алынған мәліметтерге SPSS 21.0 (Statical Package for Social Sciences) бағдарламасы арқылы статистикалық талдау жасалынды. Зерттеудің нәтижесінде киелі орындарды зиярат етуші ерлер мен әйелдердің психо-әлеуметтік ерекшеліктері белгілі болды. Зерттеуде зияратшы әйелдердің ерлерге қарағанда киелі жерлерге жиірек әрі қиындыққа душар болған кезде баратындығы, дәстүрлі діни рәсімдерде кемшін қалған діни қажеттіліктерін қанағаттандыратындығы және киелі орындарда жасалған дұға-тілектердің де келушілердің жыныстық ерекшеліктеріне байланысты түрленетіндігі анықталған. Тақырыптың отандық дінтану саласында психо-әлеуметтік тұрғыдан әлі де аз зерттелуі жұмыстың құндылығын көрсетеді.

Түйін сөздер: дін, кесене, зиярат, ер, әйел.

Автор өмірбаяндары

  • Р. Қазмуқанов, Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak, Almaty, Kazakhstan

    Қазмұқанов Ринат Мұхитұлы – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: rinatmk81@gmail.com).

  • Т. Абылов, Abai Kazakh National Pedagogical University, Almaty, Kazakhstan

    Абылов Тұңғыш Талғатұлы (корреспондент-автор) – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: abylovtt@gmail.com).

  • Ж. Бұлан, Egyptian University of Islamic Culture Nur-Mubarak, Almaty, Kazakhstan

    Бұлан Жоламан – PhD, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті дінтану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: jolamanbulan@gmail.com).

  • Ғ. Көрпебаева, Ablai khan University of International Relations and World Languages, Almaty, Kazakhstan

    Көрпебаева Ғазиза Қабылқызы - PhD, Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің оқытушысы (Алматы, Қазақстан, e-mail: gaziza-k@mail.ru).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-03-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies

Дәйексөзді қалай келтіруге болады