Діни мотивтенген кибертерроризмнің заманауи аспектілері

Авторлар

  • М. Құрманалиев Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0009-0006-5054-1288
  • Т. Аманқұл Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-8734-5519
  • Р. Сәрсембаев Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0001-7251-6979
  • Ұ. Тұнғатова Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан https://orcid.org/0000-0003-4506-1942

DOI:

10.26577//EJRS.2024.v39.c3.r4

Аңдатпа

Мақала қазіргі таңда да өзекті болып отырған кибертерроризм мәселесін зерттеуге арналады. Автор террорлық ұйымдардың «ұйқыдағы ұяшықтарды» және «жалғыз қасқырларды» құрып, оларды кез-келген уақытта өз мүдделер үшін пайдалану ықтималдылығы бар екендігін атап өтеді. Мақалада діни бағыттағы террорлық ұйымдардың мақсаттары, үгіт-насихат тәсілдері, оларға тойтарыс беру және контрпропаганда шаралары келтіріледі. Автор олардың мақсаттары мен үгін-насихат тактикасы арасындағы өзара байланыстарын, пропагандистер пайдаланатын ақпараттық және психологиялық ықпал ету әдістерін қарастырады. Мақаланың мақсаты террорлық ұйымдар пропагандистерінің өз қатарларына жаңа мүшелерді тартуға бағытталған ақпараттық стратегияларына, сонымен қатар әлем елдерінің олардың пропагандасына тойтарыс беру үшін пайдаланатын құқықтық, техникалық және контрагитациялық іс-шараларына сапалық талдау жасау. Тойтарыс беру шараларын тізбектей отырып, автор олардың әрқайсының тиімділігін талдайды. Құқық қорғаушылардың сынына қарамастан техникалық тұрғыдан қазіргі уақытта ең тиімді тәсіл болып саналатын Қытайдың мысалы келтіріледі. Контрагитация стратегиясы аясында террорлық ұйымдардың діни идеологиясын жоққа шығару мақсатында діни қызметкерлерді тарту тәжірибесі қарастырылады. Мақаланың қорытындысында ИГИЛ жеңілгеніне қарамастан террорлық ұйымдардың пропагандасына тойтарыс беру мәселесі қазіргі кезде де өзектілігін жоғалтпағанын айтылады. Мақаланың маңызды тұсы кибертерроризм мәселесі Қазақстан контекстінде қарастырылады.

Түйін сөздер: кибертерроризм, кибер джихад, контрпропаганда, Интернет, террорлық ұйымдардың үгіт-насихаты.

Автор өмірбаяндары

  • М. Құрманалиев, Египетский университет исламской культуры Нур-Мубарак, Алматы, Казахстан

    Құрманалиев Мақсат (корреспондент автор) – Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің PhD докторанты (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: maxattarazi@gmail.com).

  • Т. Аманқұл, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Аманқул Темур Оралбайұлы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: amankul_2007temur@mail.ru).

  • Р. Сәрсембаев, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: Rus_tk007@mail.ru).

  • Ұ. Тұнғатова, Казахский национальный университет имени аль-Фараби, Алматы, Казахстан

    Тұнғатова Ұлжан Асқарбайқызы – PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, e- mail: tua20@mail.ru).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2024-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies