Қазақстандағы елуіншілер шіркеулерінің әлеуметтік рөлі мен діни тәжірибелері

Авторлар

  • Е. Кәрібекұлы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0009-0004-8837-8119
  • Қ. Затов Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан https://orcid.org/0000-0003-3705-7097
  • Б. Мұрзарайымов Қырғыз-түрік Манас университеті, Бишкек, Қызғызстан https://orcid.org/0000-0002-8757-6998

DOI:

https://doi.org/10.26577//EJRS45120266

Аңдатпа

Зерттеу жұмысы Қазақстандағы елуіншілер шіркеулерінің діни және әлеуметтік рөлін талдауға арналады. Елдегі ислам мен православие бағытының басымдығына қарамастан, елуіншілер жеке рухани тәжірибеге, тілдерде сөйлеу, пайғамбарлық және емшілікке ерекше көңіл бөлуімен ерекшеленеді. Зерттеуде олардың діни тәжірибелері мен әлеуметтік, миссионерлік қызметінің қоғамға ықпалы қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – елуіншілердің діни тәжірибелерін талдау, миссионерлік және қайырымдылық қызметін зерттеу, олардың құқықтық және әлеуметтік шектеулер жағдайындағы қызметін бағалау, сонымен қатар, өзге конфессиялармен қарым-қатынасын және заңдық реттеу жағдайындағы даму болашағын айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін сапалық және сандық тәсілдерді біріктірді: құжаттар мен діни жарияланымдарды талдау, сауалнамалар мен сұхбаттар жүргізуді қамтыды. Бұл тәсіл шіркеулердің діни-идеялық қырларын да, әлеуметтік ықпалын да жан-жақты ашуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде елуіншілер қауымдар рухани жетекшілікпен қатар, әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуде маңызды орын алатыны анықталды. Заңнамалық шектеулер мен қаржылық қиындықтарға қарамастан, олар қайырымдылық, миссионерлік қызмет және заманауи технологияларды пайдалану арқылы белсенділік танытып отыр. Зерттеудің ғылыми құндылығы Қазақстандағы дәстүрлі емес христиандықты зерттеуді кеңейту болса, тәжірибелік маңызы мемлекеттік органдарға, ғалымдарға және дінаралық диалог бастамаларына елуіншілердің қоғамдағы рөлі мен мәселелерін түсінуге мүмкіндік беруінде.

Түйін сөздер: Елуіншілер, діни тәжірибе, миссионерлік қызмет, конфессияаралық қатынастар, әлеуметтік жұмыс

Автор өмірбаяндары

  • Е. Кәрібекұлы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Кәрібекұлы Еламан (корреспондент автор) – Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының PhD докторанты, Алматы, Қазақстан,  е-mail:  e.karibekuly@nmu.edu.kz

  • Қ. Затов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті, Алматы, Қазақстан

    Затов Қайрат Айтбекұлы – философия ғылымының докторы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениті университеті ислам ілімдері факультеті дінтану кафедрасының профессоры, Алматы, Қазақстан, e-mail: kairat_1966@list.ru

  • Б. Мұрзарайымов, Қырғыз-түрік Манас университеті, Бишкек, Қызғызстан

    Мұрзараимов Бақыт – PhD, Манас қырғыз-түрік университетінің доценті, Бишкек, Кыргызстан, e-mail: murzaraim@mail.ru

Қосымша файлдар

Жарияланды

2026-03-20