Баба Түкті Шашты Әзиз: аңыз және ақиқат

Авторлар

DOI:

10.26577//EJRS20254339

Аңдатпа

Қазақ халқының рухани-мәдени болмысында әулиелер және әулиелі жерлер ерекше орын алады. Қазақ түсінігінде әулиелер мен әулиелі жерлер адам рухын Рухани әлеммен байланыстырып тұратын негізгі рухани орталықтар ретінде қабылданады және рухани-мәдени болмысының ажырамас бөлшегі ретінде қызмет етеді. Зерттеушілердің көпшілігі «әулие» ұғымымен таныс, бірақ Алтын Орда тарихындағы мифтік бейне мен елеулі тұлғаны бейнелейтін Баба Түкте Шашта Әзиз әулиені білетіндер аз. Ғылыми зерттеудің идеясы – киелі орындардың адамзаттың рухани әлеммен бірігуіндегі рөлін зерттеу, оның ішінде осы киелілікке Баба Түкті Шашты Әзиздің қатыстылығын көрсету. Сондықтан Баба Түкті Шашты Әзиз туралы қалыптасқан аңыз-әңгімелер мен тарихи деректерге талдау жасай отырып, олардың тарихи шындықпен арасындағы байланысын ашып, қазақ халқының тарихи тағдырындағы орнын көрсету осы мақаланың негізгі мақсаты болып табылады. Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы мифтік бейне мен тарихи шындық арасындағы айырмашылықтарды анықтауда жатыр, бұл діни-мәдени нарративтердің қоғамдық сананы қалай қалыптастыратынын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Мақалада феноменологиялық әдісті қолдана отырып, Баба Түкті Шашты Әзиздің әулиелік феноменін сипаттадық және түсіндірдік, салыстыру арқылы осы зерттеудің теориялық және практикалық қорытындыларын анықтадық. Ғылыми әдебиеттерде Баба Түкті Шашты Әзиздің қазақ мемлекеттілігі мен руханиятының қалыптасуындағы рөлі толық қарастырылмаған және зерттелмеген, бұл зерттеудің құндылығы мен дінтану білімін дамытудағы үлесін арттырады.

Түйін сөздер: Баба Түкті Шашты Әзиз, әулие, Алтын Орда, сопылық, рухани әлем, аңыз.

Автор өмірбаяндары

  • Қ. Қаратышқанова, International University of Tourism and Hospitality, Turkestan, Kazakhstan

    Қаратышқанова Қымбат Рахметқызы  (корреспондент автор) – философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры м.а. (Түркістан, Қазақстан, e-mail: k.karatyshkanova@iuth.edu.kz).

  • З. Жандарбек, Azret Sultan National Historical-Cultural Museum-Reserve, Turkestan, Kazakhstan

    Жандарбек Зікірия Заманханұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Әзірет Сұлтан Ұлттық тарихи-мәдени мұражай-қорығының аға ғылыми қызметкері (Түркістан, Қазақстан, e-mail: karashuk@mail.ru).

  • A. Малдыбек , International University of Tourism and Hospitality, Turkestan, Kazakhstan

    Малдыбек Ақмарал Жұмағұлқызы – философия ғылымдарының кандидаты, Халықаралық туризм және қонақжайлылық университеті гуманитарлық мектебінің қауымдастырылған профессоры (Түркістан, Қазақстан, e-mail: a.maldybek@iuth.edu.kz).

Қосымша файлдар

Жарияланды

2025-09-20

Журналдың саны

Бөлім

Religious Studies