Қазақстан мұсылмандарының Меккеге қажылығы (1940-1970 жж.)
DOI:
10.26577//EJRS45120269Аңдатпа
Мақалада аз зерттелген 1940-1970 жылдардағы Қазақстан мұсылмандарының Меккеге қажылығы мәселесі қарастырылады. Авторлардың алдына қойған мақсаты – мұрағаттық дереккөздерді сыни талдау негізінде қазақстандық мұсылмандардың қажылыққа бару мәселелерін зерделеу. Жұмыста КСРО мұсылмандарының Меккеге қажылығын ұйымдастыру және өткізу туралы Ресей Федерациясының мұрағаты, Өзбекстан Республикасының Ұлттық мұрағаты, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты және өңірлік қазақстандық мұрағаттары қорларындығы құжаттары пайдаланылды. Авторлар Кеңес мемлекетінің мұсылмандардың қажылыққа бару мәселесіндегі саясатын талдап, Орта Азия мен Қазақстан мұсылмандарының мемлекеттік органдары мен діни басқармасының (Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы – САДУМ) қажылықты ұйымдастырудағы орнын анықтауға тырысты. Зерттеушілер мұсылмандардың қасиетті жерлерге ішкі қажылық дәстүрлерімен белсенді күрес жүргізген Кеңес мемлекеті Меккеге қажылыққа баруға рұқсат беріп, қолдады және реттеді; оны КСРО-дағы діни сенім бостандығы туралы үгіт-насихат мақсатында пайдаланды деген қорытындылар жасады. Меккеге қажылықты ел басшылығы Таяу Шығыстағы мұсылман елдерімен ынтамақтастық орнату құралы ретінде қарастырады. Қажылыққа баратын кандидатуралар жөніндегі шешімді Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы – САДУМ-ның ұсынысы бойынша билеуші партияның жоғарғы басшылығы мақұлдап отырды. Зерттеуіміздің исламдық ойға қосқан концептуалдық үлесі Кеңес мемлекетінде исламның қатаң бақылау мен мұсылмандар үшін маңызды рухани тәжірибелерді қысқарту арқылы шектелгенін негіздеумен айқындалады. Зерттеудің тәжірибелік маңызы мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің тарихи тәжірибесін жалпылауда көрінеді
Түйін сөздер: қажылық, Меккеге қажылық, қазақстандық мұсылмандар, Кеңес Одағы, діни саясат








