Имам Әл-Мәтуридидің дүниетанымы қалыптасуының саяси-әлеуметтік алғышарттары

Авторы

  • Таиршик Юлдашев

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-105
        51 0

Аннотация

Бұл мақалада имам Әбу Ханифа мұрасын жетілдіруші имам әл-Матуридидің дүниетанымының қалыптасуы, оның саяси-әлеуметтік алғышарттары қарастырылады. Зерттеудің басты мақсаты – VIII-IX ғасырлар кезеңіндегі әл-Матуриди өмір сүрген ортасының саяси-әлеуметтік жағдайы мен діни ахуалын талдау, оның ислам теологиясына қосқан үлесіне анықтау. Имам Матуридидің өмір сүрген кезеңі философиялық тұжырымдардың кеңеюі мен түрлі мәдени, саяси өзгерістермен тұспа тұс келді. Тарихи, мәдени және этнос аралық оқиғалардың өрбуі исламның мәзһабтарға бөлінуіне әкелді. Осыған орай, Имам әл-Матуриди еңбектерін қазақ даласына тарату еліміздің ресми түрде қабылдаған діни жолын дәріптеп, исламды толық түсінуге бағыт-бағдар береді. Имам Матуридидің еңбектерін зерделей отырып, оның кәлам, мәзһабтар тарихы, фиқһ әдістемесі мен тәпсір саласында өзіндік орны бар ірі ғалым екендігін пайымдауға болады. Мақалада ғалымның өмірі, ұстанымдары, ұстаздары мен шәкірттері жайында мәліметтер келтірілген. Сонымен қатар мұсылман әлемінің саяси өзгерістермен қатар географиялық ұлғаюы, ислами, шариғи түсініктердің бір жүйеге келтірілуі қажеттілігінің себептері, Әл-Мәтуриди дүниетанымының қалыптасуының негізгі кезеңдері зерделенді.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Юлдашев, Т. (2017). Имам Әл-Мәтуридидің дүниетанымы қалыптасуының саяси-әлеуметтік алғышарттары. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 9(1), 40–47. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-105