Әбу Мансұр әл-Матуриди танымындағы тәпсір мен тәуилдің айырмашылығы

Авторы

  • Кудайберди Багашаров

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-106
        66 0

Аннотация

Мақалада имам әл-Матуриди тәпсірші ғалым ретінде қарастырылады. Оның тәпсір мен тәуил сөздеріне берген анықтамалары кең тарқатылады. Тәпсір мен тәуил сөздеріне этимологиялық тұрғыдан талдау жасалады. Тәпсірдің – риуаяттарға негізделіп, аяттардың мақсатын айшықтау екені, ал тәуилдің – райға, ақылға, дираяға және өзге де ілім салаларына негізделіп ижтиһад жасау арқылы аяттардың мағынасын беру екені түсіндіріледі. Имамның «Тауилату әл-Құран» атты тәпсір еңбегі танытылады. әл-Матуридидің түсінігі бойынша, тәпсір сахабаларға, ал тәуил ғалымдарға тиесілі екені түсіндіріледі. Әбу Мансұр әл-Матуриди қазіргі Өзбекстанның «Матурит» деген елді мекенде дүниеге келген, сунниттік ислам теологиясының негізін қалаған біртуар ғұламалардың бірі һәм бірегейі. Бұған қоса ол, «тәпсір», «фиқһ» «фиқһ методологиясы» салалары бойынша бірқатар елеулі еңбектер жазып қалдырған энциклопедист ғалым. Әбу Мансұр әл-Матуриди саналы ғұмырын ағартушылықпен өткізіп, артына теңдессіз еңбектер қалдырған. Өкінішке орай, оның еңбектерінің дені шапқыншылық, көшіп-қону, табиғи апаттар және басқа да себептердің салдарынан бүгінгі күнге дейін жетпеген. Ғалымның еңбектері негізінен «муғтазилиттер», «харижиттер», «шиттік» және оның ішінде «рафизиттер» мен «карматилер» сынды діни-пәлсапалық және діни-саяси ағымдардың сенімі мен тұжырымдарын сынға алып, терістеу мақсатында жазған. Сондай-ақ, «фиқһ» және «фиқһ методологиясы (усулу фиқһ)» саласы бойынша жазған туындылары жатады.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Багашаров, К. (2017). Әбу Мансұр әл-Матуриди танымындағы тәпсір мен тәуилдің айырмашылығы. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 9(1), 48–53. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-106