Қазақстандағы экстремизм мен терроризм

Авторы

  • Нагима Байтенова

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-107
        157 0

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы күресудің діни аспектілері зерттелінеді. Халықаралық және Қазақстандық нормативті құқықтық базаның діни экстремистік және террористтік бағыттағы қылмыспен күрес саласындағы талдауы жасалынады, діни экстремизнің әлеуметтік-құқықтық және этно-психологиялық құбылыс ретінде мән-мағынасы, сипаттамасы ашылып, оның негізгі белгілері мысалдар арқылы қарастырылады. Зерттелетін құбылыстың пайда болып, дамып, таралуына негіз болатын факторларды зерттеу негізінде діни экстремистік әрекеттерді күштермен, құралдармен, әдістермен және ішкі істер органдарына тән қызметтермен алдын-алудың жалпы шараларының дифференцияланған жүйесі ұсынылады.

Сонымен қатар, мақалада еліміздегі «Хизбут Тахрир» , «Таблиғи жамағат» сияқты радикалды ұйымдар, олар насихаттап жүрген ұйымдар Конституциямызға қарсы уағыздар сөз етіледі. Жоғарыда айтылған радикалды ұйымдар дәл осы қарқынмен тарала берсе, ол Қазақстан халқының ортақ мемлекеттік мәдениетке бірігуіне демократиялық реформалардың халық санасында орнығуына әжептәуір кедергі болатындығы жайлы жан-жақты ой-пікірлер сараланып, мысалға келтіріледі. Ислам дініде саяси – қоғамдық, рухани өмірдің барлық саласы қамтылған. Солардың бірі діни сенім және діни төзімділік мәселесі. Ислами идеяларды өркениеттік тұрғыда қабылдап, оларды еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму жолында қолдана білсек, біздің қоғамдағы біраз мәселелер шешімін табар еді.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Байтенова, Н. (2017). Қазақстандағы экстремизм мен терроризм. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 9(1), 54–59. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-1-107