МАЗХАБТАР ТАРИХЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒАЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

Авторы

  • Н.К. Абдуллаев

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-117
        76 0

Аннотация

Мазхабтар тарихының алғашқы сүйенетін авторлары, һижри III-IV ғасырлардан бастау
алады. Бұл жұмысты жазу барысында Ислам Мазхабтар Тарихы саласындағы алғашқы еңбектер
пайдаланылды. Ғалымдардың еңбектеріндегі ұстанған әдістерінің бөлектігі және еңбектеріндегі
қарастырған мәселелері қаралды. Әрқайсысы әр қандай әдіс тәсілдер ұстанған. Бұнымен бірге
үмметтің «жетпіс үш» тармаққа бөлінуі турасындағы хадисті негізге ала отырып жазылды.
Мазхабтар тарихының алғашқы ғалымдары бұл хадиске кейбірі сүйенсе, кейбірі мүлдем хадис
жайында сөз қозғамаған. Алайда Ислам Пайғамбарының дүниеден өтуінен кейінгі Ислам
үмметінің арасында пайда болған түрлі ағымдар, мазхабтар, бағыттардың ортаға шығуы және
олардың әрқайсысының түрлі көзқарастар ұстануын алғашқы ғалымдар өз еңбектерінде
айқындап түсіндірген. Осылайша Мазхабтар Тарихы, осы мазхабтардың бөлінуін, сенім – ақида
мәселесін, Ислам әлеміне саяси ықпалын, қоғамға әсерін зерттейді. Ислам Мазхабтар Тарихы
ғылымын қазіргі күнде естісек те, негізгі еңбектер жайында көп естілмейді. Әрине Тұрар Түгелұлы
мен Батырбек Тұрғанбекұлының «Мазхаб туралы таным» атты еңбегі, Смайыл Сейтбековтің
«Мазхабтар тарихы» атты еңбегі, Сабри Хизметлидің «Мазхабтар тарихы» еңбегі және т.б.
осы салаларды қамтиды. Сонымен қатар Мазхабтар тарихына байланысты ғылыми мақалалар
да қазіргі күнде жазылуда. Осылайша Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарымыз дүниеден өткеннен
кейін, әртүрлі пікірлердің ортаға шығуы, қоғамда әртүрлі көзқарастардың қалыптасуы, Ислам
үмметінің түрлі бағыттарға бөлінуіне себеп болды. Мұсылмандардың жетпіс үш бағытқа бөлінуі
турасындағы хадисі де осы мақалада қарастырылды.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Абдуллаев, Н. (2017). МАЗХАБТАР ТАРИХЫНЫҢ АЛҒАШҚЫ ҒАЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 10(2), 51–56. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-2-117