Жaңғыру aясындa ислaмтaнулық білім берудің құндылықтық бaғдaры

Авторы

  • Нагима Байтенова Казахский национальный университет имени аль-Фараби
  • Багдат Бейсенов Казахский национальный университет имени аль-Фараби

DOI:

https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-3-120
        55 0

Аннотация

Зайырлы қоғамда исламтану негіздерін оқытуда исламдағы түрлі ағымдардың және радикалды идеологияның ұстанымдарын ғылыми және салыстырмалы талдау тұрғыда түсіндіру маңызды. Зайырлы мемлекетте исламтану мамандығын оқыту міндеті діндар жастар дүниетанымында діндарлық пен зайырлы мәдениеттік ұстанымды, гуманистік және рухани – адамгершілік негіздерді қалыптастырады. Исламтану мамандығын оқыту үдерісі болашақ дін қызметкерлерінің бойына көркем мінезділік,сөз бен істің үйлесімділігі, имандылық, салауаттылық, ұлттық дәстүр мен руханилық нәрін егіп, оларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды ардақтауға үйретіп,ұлтаралық және конфессияаралық қатынас мәдениетіне,түпнұсқа әдебиеттермен жұмыс жасау мәдениетін меңгеруге,дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні мен мұратын айқын түсіну және діни уағыздың заманауи әдістерін игеруге бағыттап, діни экстремизм мен фанатизмге қарсы күресе білетін құзірет қалыптастыруы тиіс. Оқу орнының беделін көтеретін бәсекеге қабілетті түлектері екендігі айқын. Зайырлы мемлекетіміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаттын жан-жақты түсіне білетін және білімі мен білігін нақты іске асыратын дін қызметкерін даярлау уақыт  талабы.

Дополнительные файлы

Как цитировать

Байтенова, Н., & Бейсенов, Б. (2017). Жaңғыру aясындa ислaмтaнулық білім берудің құндылықтық бaғдaры. Вестник КазНУ, Серия Религиоведение, 11(3), 4–11. https://doi.org/10.26577/ejrs-2017-3-120