«ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы» журналы ҚР БҒМ БҒСҚК ұсынатын ғылыми басылымдар тізіміне енді

2021-03-18

Құрметті оқырмандар!

«ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы» журналы  дінтану және исламтану ғылыми бағыттары бойынша 09.03.2021 ж. № 210 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігінің Білім және Ғылым саласында Сапаны Қамтамасыз ету Комитеті (БҒСҚК) ұсынған ғылыми басылымдар тізіміне кіргенін қуана хабарлаймыз!