Арнайы шығарылым
Ақпараттық хат
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті ҚазҰУ Хабаршысы, философия, саясаттану және мәдениеттану сериясының арнайы шығарылымына Қазақстан Республикасындағы 2022 жыл қаңтардағы оқиғаларға арналған мақалалар қабылдауды жариялайды.
Бұл нөмірде факультет шығаратын үш журналдың бағыттары біріктірілген:
ҚазҰУ Хабаршысы, философия, саясаттану және мәдениеттану сериясы;
ҚазҰУ Хабаршысы, психология және әлеуметтану сериясы;
ҚазҰУ Хабаршысы, дінтану сериясы.
Мақалалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
- Саясаттану
- Философия
- Мәдениеттану
- Дінтану
- Әлеуметтану
- Психология
Көп векторлы (пәнаралық) мақалалар да қаралымға қабылданады.
Арнайы шығарылымның мақалалары аналитикалық, сараптамалық сипатта болуы керек.
Мақалаға қойылатын талаптар: журнал талаптарына сәйкес.
Қолжазбаны тапсырудың соңғы мерзімі: 31 қаңтар 2022 ж.
Мүдделі авторлардан 2022 жылдың 23 қаңтарына дейін жарияланымға қатысуын растауды сұраймыз: + 7 700 789 0987 (WhatsApp, хабарлама) немесе электрондық пошта арқылы: relvestnik@gmail.com
Журналдың арнайы шығарылымының жарияланатын күні: 28 ақпан 2022 ж.
Мазмұны мен рәсімделуі журналдың талабына сай мақалалар арнайы шығарылымда шықпаған жағдайда тиісті серияның келесі топтамаларында жарияланады.
Құрметті, әріптестер! ҚазҰУ Хабаршысы Дінтану сериясының редакторлар алқасы Сіздерден ғылыми сараптамадан өткен, тұжырымдалған мақалалар жолдауларыңызды өтінеді. Еліміздің қазіргі жағдайындағы өзекті мәселелерге арналған шығарылымды қолдағандарыңызға алдын ала ризашылық білдіреміз!