ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналының ғылыми редакторы дәріс оқыды

2023-12-07

2023 жылдың 6 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымының докторы, ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналының ғылыми редакторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде университет профессоры Ю.В. Шаповал, доцент З.А. Малгараева және докторант А. Райымбектің ұйымдастыруымен дінтану мамандығының магистрантары мен докторантарына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны бақылау комитеті ұсынған журналда мақала жариялау талаптары бойынша шеберлік дәріс өткізді. Тұрақты даму мақсаттары аясында өткізіліп отырған шарада ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы ғылыми журналы негізінде дәріс барысында ғылыми мақала дайындау этаптары, қойылатын талаптар түсіндірілді.