Редакторлар алқасы семинар өткізді

2023-12-07

2023 жылы 9 маусымда Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Дінтану кафедрасының ұйымдастыруымен ҚазҰУ Хабаршысы, Дінтану сериясы журналының ғылыми редактор Байтенова Нағима Жаулыбайқызы, жауапты хатшысы Борбасова Қарлығаш Молдағалиқызы және техникалық хатшы Байжума Саметтің қатысуымен дінтану және исламтану мамандығының магистранттары мен докторанттарына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны бақылау комитеті ұсынған журналдарда мақала жариялау бойынша семинар өтті. Тұрақты даму мақсаттары аясында өткізіліп отырған шарада ғылыми мақала дайындау этаптары, қойылатын талаптар түсіндіріліп, тыңдармандар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.