ҚазҰУ профессорының қатысуымен оқырман конференциясы ұйымдастырылды

2023-12-10

2023 жылдың 8 желтоқсанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінің кітапханасында кітапхана директоры Оразалиев Бакытжан Асетильдаевичтің ұйымдастыруымен философия мамандығының магистранттары мен студенттеріне ұйымдастырылған оқырмандар конференциясында философия ғылымының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Байтенова Нағима Жаулыбайқызы AP19676515 «Әл-Фараби мен түркі ғұламаларының мұрасындағы ізгі адам: компаративистік дискурс» атты жоба аясында «әл- Фараби мұрасын зерттеудің заманауи мәселелері» атты тақырыпта лекция оқыды.